wisdom [ˈwɪzdəm] n 1. даналық, данышпандық, ақылдылық, ақыл ♦She was known to be a woman of great wisdom. – Ол данышпандығымен аты шыққан әйел еді. ♦Do you have any more words of wisdom for us? – Бізге айтар ақылыңыз/ кеңесіңіз/ ақыл-кеңесіңіз бар ма? ♦He is too lacking in worldly wisdom to be a politician. – Саясаткер болу үшін оған кәдімгі даналық жет(іс)пейді. ♦I question the wisdom of giving a child so much money. – Балаға сонша(ма) көп ақша берген дұрыс па/ жөн бе екен деп сұрақ қоямын. ♦the collective wisdom of our people – халқымыздың даналығы, халқымыз қордалаған даналық 2. (idm) *conventional/received/popular wisdom [қ-з: popular (5)] *in his/her/its, etc. (infinite) wisdom неге пәлен олай етті екен, неге екені, неғып екені ♦The government in its wisdom has decided to support the ban. – Неге екені, үкімет тыйымды қолдауды ұйғарды/ қолдаймыз деп шешті. *a pearl of wisdom [қ-з: pearl (4)]