wise [waɪz] A.adj (wiser, wisest) 1.дана, данышпан, көреген, ақылды ♦a wise man – дана/ данышпан/ көреген адам I'm older and wiser after ten years in the business. – Бизнесте он жыл болып, біраз жасқа келдім, біраз нәрсе көрдім. He played the role of the wise old man. – Ол қарт дана адамның рөлінде ойнады. 2.байсалды, байыпты, ұқыпты, ақылды, қырағы, зейінді, салиқалы, жөнді білетін; дұрыс, оң, ұтымды, орынды (syn: prudent) ♦a wise decision/move/choice/investment – дұрыс/ оң шешім/ қадам/ таңдау/ инвестиция These are wise words indeed. – Бұл шынымен де дұрыс айтылған/ жөн сөздер. The wisest course of action is just to say nothing. – Ең дұрысы – үндемей қалу. I was grateful for her wise counsel. – Оның орынды/ дұрыс кеңесіне риза болдым. ♦∼ to do smth You would be wise to steer clear of the cheapest local wines. – Осы жердегі арзан шараптардан аулақ жүргенің дұрыс болады. He was wise to consider his future when he was working there. – Осы жерде істеп жүрген кезінде оның өз болашағын ойлағаны дұрыс болыпты. it is (of smb) to do smth It was very wise to leave when you did. – Сол кезде кетіп қалғаның дұрыс/ жөн болыпты. 3. (idm) *be none the wiser | not be any the wiser a) (түсіндірсе де) ұқпау ♦I've read the instructions, but I'm still none the wiser. – Нұсқауларды/ Инструкцияларды оқысам да, (бәрібір) ұқпадым. b) өз қатесін ұқпау/ білмеу ♦If you put the money back, no one will be any the wiser. – Ақшаны кері қойсаң, ешкім білмейді/ білмейтін болады. *be wise after the event​(often disapproving) болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ғана ұғу/ түсіну ♦Anyone can be wise after the event. – Болары болғаннан кейін барып, бәрі де ақылды бола қалады. *be/get wise to smb/smth ​(informal) біреудің алдап жүргенін аңдау/ ұғу ♦He thought he could fool me but I got wise to him. – Ол менің аузымды аңқитып кетем дегенімен, (оның ниетін) аңдадым/ ұқтым. *crack wise ​(informal) қалжыңдау, әзілдеу *put smb wise (to smth) ​(informal) (біреуге бірнәрсе жайлы) айту, хабарлау B.v (phr v) *wise up (to smth) ​(informal) жайсыз бір нәрсе жайлы аңдау/ ұғу