wish [wɪʃ] A.v 1.тілеу, қалау ♦∼ (that)… I wish I were taller. – Бойым ұзын болғанда ғой./ Бойым ұзын болса ғой. ♦(BrE also) I wish I was taller. – Бойым ұзын болғанда ғой./ Бойым ұзын болса ғой. I wish I hadn't eaten so much. – Бекер тым көп жеппін. ‘Where is he now?’ ‘I only wish I knew!’ – «Ол енді қайда?» «Қайда екенін білсем ғой!» I wish you wouldn't leave your clothes all over the floor. – Киіміңді еденге шашып тастамасаңшы. She really wished she’d stayed on at college. – Ол шынымен де колледжде қалғаным/ өзінің колледжде қалғаны дұрыс болар еді деп ойлады. He sat by the phone, wishing it would ring. – Ол телефонның жанында шырылдаса екен деп тілеп отырды. ♦∼ wish smb/smth/yourself She wished herself a million miles away. – Ол бұ жерден миллион шақырым алыста болсам ғой деп тіледі/ ойлады. 2. (especially BrE, formal) қалау, істегісі келу ♦You may stay until morning, if you wish. – Қаласаң(ыз), осында таңға дейін қал(ыңыз).‘I’d rather not talk now.’ ‘(Just) as you wish.’ – «Қазір сөйлегім келіп тұрған жоқ». «Еркің/ Қалауың білсін/ Мейлің». ♦∼ to do smth This course is designed for people wishing to update their computer skills. – Бұл курс компьютерді терең меңгергісі келгендерге арналған. I wish to speak to the manager. – Менеджермен/ Басқарушымен сөйлескім келеді. I don't wish to be rude, but could you be a little quieter? – Өкпелемеші, дегенмен сәл тынышталасың ба? ♦∼ smb smth She could not believe that he wished her harm. – Ол (қыз) өзіне оның (жігіттің) жаман істегісі келгеніне сене алмады/ сенбеді. ♦∼ smb/smth to do smth He was not sure whether he wished her to stay or go. – Ол (жігіт) өзінің оның (қыздың) қалғанын қалаған-қаламағанын білмеді. 3. тілеу, армандау, қалау ♦If you wish really hard, maybe you'll get what you want. – Қатты тілесең, мүмкін арманыңа жетерсің. ♦∼ for smth It's no use wishing for the impossible. – Жоқ нәрсені/ Мүмкін емес нәрсені тілеп керегі жоқ. He has everything he could possibly wish for. – Ол – армансыз, өзіне керектің бәрі бар. We couldn't have wished for a nicer hotel. – Бұдан артық/ жақсы қонақ үйдің бізге керегі жоқ. ♦∼ for smb/smth to do smth She shut her eyes and wished for him to get better. – Ол (қыз) көзін жұмды да, ол (жігіт) жазылып/ сауығып кетсе екен деп тіледі. 4. (біреуге) тілек айту, тілек тілеу, тілек білдіру ♦∼ smb smth I wished her a happy birthday. – Оған туған күнің құтты болсын дедім. Wish me luck! – Маған сәттілік тіле!/ Жолымның болғанын тіле! ♦∼ smb well We wish them both well in their retirement. – Екеуіне де зейнет/ пенсия жасыңыз құтты болсын дегіміз келеді. 5. (idm) *I/you wish! ​(informal) құры қиял, мүмкін емес дег мағ (syn: if only) ♦‘You'll have finished by tomorrow.’ ‘I wish!’ – «Ертең бітіресің». «Солай болса ғой!» A job at the BBC? You wish! – ВВС-де/ Би-Би-Сиде жұмыс дейді? Қойшы тегі! 6. (phr v) *wish smth away бірнәрсенің болмағанын тілеу ​*wish smb/smth on smb ​(informal) (біреуге) теріс нәрсе/ жамандық тілеу ♦I wouldn't wish something like that on my worst enemy. – Ата жауыма да бұндайды/ бұндай нәрсені тілемер/ тілемес едім. It’s not a job I’d wish on anybody. – Бұндай жұмысты біреуге тілемес едім. B.n 1. wishes (жақсы) тілектер, тілеулер, сәлем ♦Give my good wishes to the family. – Үй-ішің(ізг)е/ Семьяң(ызғ)а сәлем айт(ыңыз). ♦∼ for smth We all send our best wishes for the future. – Бәріміз алдағы уақыт жақсы болсын деп тілейміз. With best wishes. – Ең ізгі/ жақсы тілектермен. 2.тілеу, армандау, қалау ♦Throw some money in the fountain and make a wish. – Фонтанға тиын лақтырып, тілек тіле. The genie granted him three wishes. – Жын оның үш тілегін орындады. The prince's wish came true. – Принцтің арманы/ тілегі орындалды. 3.қалау, тілеу, тілек, арман, ниет, пейіл, бірнәрсе істегісі келу ♦∼ to do smth She expressed a wish to be alone. – Оның жалғыз болғысы келді. He had no wish to start a fight. – Оның төбелес бастамақ ниеті болмады/ жоқ еді. His dearest wish is to see his grandchildren again. – Оның асыл арманы – немерелерін тағы бір рет көру. ♦∼ for smth I can understand her wish for secrecy. – Оның ешкімге білдіргісі келмейтінін ұғамын/ түсінемін. ♦∼ that… It was her dying wish that I should have it. – Бұны ол қайтыс боларында табыстап кеткен.He refused to carry out her wishes. – Ол (жігіт) оның (қыздың) тілегін орындамай қойды. I'm sure that you will get your wish. – Қалағаныңды алатыныңа сенімдімін. against smb's wishes She married against her parents' wishes. – Ол ата-анасының қарсылығына қарамастан тұрмысқа шықты/ үйленді. 4. (idm) *if wishes were horses, beggars would/might ride ​(saying) құры армандағаннан ештеңе шықпайды *your wish is my command ​(humorous) ләпбай, не айтсаң да, істеуге әзірмін *the wish is father to the thought ​[қ-з: thought (6)]