wit

wit [wɪt] n 1.зеректік, көрегендік, тапқырлық, алғырлық, тапқыр/ ұтқыр ойлылық, сөз тапқырлық, ақылдылық (ақылды әрі әзілдей сөйлеушілік) ♦to have a quick/sharp/dry/ready wit – зерек болу/ тапқыр болу/ ұтқыр ойлы болу a woman of wit and intelligence – көреген әрі ақылды әйел a book full of the wit and wisdom of his 30 years in politics – оның отыз жыл саясаттағы өмірінен алынған көрегендік пен ақылға толы кітап 2.зерек, көреген, тапқыр, ұғымпаз, ұғымтал, алғыр, зейінді ♦a well-known wit and raconteur – танымал көреген әрі әңгімешіл адам 3. wits зеректік, алғырлық, қырағылық, көрегендік, тапқырлық, ақыл(дылық) ♦He needed all his wits to find his way out. – Шығатын жерді табу үшін оның миы қауырт жұмыс істеді. The game was a long battle of wits. – Ойын ұзаққа созылған ақылдар тартысы болды. Kate paused and gathered her wits. – Кейт сәл кідіріп, қадала ойлай бастады. 4. -witted ақылы пәлендей ♦a quick-witted group of students – алғыр оқушылар/ студенттер тобы 5. ∼ to do smth жөн(ді білушілік), ақыл(дылық) ♦At least you had the wit to ask for help. – Әйтеуір көмек сұрауға сенің ақылың жетті. It should not be beyond the wit of man to resolve this dispute. – Бұл дауды шешуге адамның ақыл-ойының шамасы келу керек. 6. (idm) *be at your wits’ end ​(informal) сасу сасқалақтау, не істерін білмеу ♦She was at her wits’ end wondering how she’d manage it all in the time. – Ол мына жұмыстың бәрін қалай дер кезінде бітіремін деп састы. I'm at my wits' end trying to cope with his moods. – Оның құбылма көңіл-күйін не істерімді білмеймін. *be frightened/scared/terrified out of your wits (also to frighten/scare the wits out of smb) өлердей қорқ(ыт)у, өте қорқ(ыт)у, шош(ыт)у ♦I was scared out of my wits! – Өлердей қорқып кеттім! The latest news has scared the wits out of investors. – Кейінгі хабар инвесторларды шошытып жіберді. *have/keep your wits about you зерек болу, қырағы болу, хабардар болу ♦They do tough interviews so you'll need to have your wits about you. – Олардың интервьюлері – қиын, сондықтан ақыл-ойыңды жиып ұстағаның жөн. *live by your wits ​әккілікпен/ тапқырлықпен/ жымысқылықпен күн көру *to wit ​(old-fashioned, formal) нақты айтқанда, дәлірек айтқанда ♦Pilot error, to wit failure to follow procedures, was the cause of the accident. – Ұшқыштың қателігі, нақтырақ айтқанда, ережелерді толық орындамау оқиғаға себеп болған.