with [wɪð; wɪθ] preposition 1. (біреумен) бірге ♦She lives with her parents. – Ол ата-анасымен бірге тұрады. ♦I have a client with me right now. – Қазір менде клиент бар. ♦a nice steak with a bottle of red wine – бір шөлмек қызыл шараппен берген дәмді стейк 2.бірнәрсесі бар, бірнәрселі, тсс ♦a girl with red hair – шашы қызыл қыз, қызыл шашты қыз ♦a jacket with a hood – капюшені бар жакет ♦He looked at her with a hurt expression. – Ол (жігіт) оған (қызға) кейи қарады. ♦They're both in bed with flu. – Тұмау тиіп екеуі де жатыр. ♦a man with a suitcase – чемоданы бар кісі 3.бірнәрсемен ♦Cut it with a knife. – Пашықпен кес/ тіл. ♦It is treated with acid before being analysed. – Анализдемес/ Анализ жасамас бұрын бұны қышқылға салады. ♦The bag was stuffed with dirty clothes. – Сөмке кір киімге толы екен. ♦Sprinkle the dish with salt. – Тамаққа тұз сеп. 4.біреумен, бірнәрсемен ♦to fight with somebody – біреумен соғысу/ төбелесу/ айқасу/ шайқасу ♦to play tennis with somebody – біреумен теннис ойнау ♦at war with a neighbouring country – көрші елмен соғыс жағдайындағы ♦I had an argument with my boss. – Бастығыммен сөзге келіп қалдым. 5.бірнәрсемен; бірнәрсе болса/ кезінде ♦Be careful with the glasses. – Әйнекпен абай бол./ Әйнектен сақ бол. ♦Are you pleased with the result? – Нәтижеге ризасың ба/ көңлің тола ма? ♦Don't be angry with her. – Оған ашуланба/ ренжіме. 6.бірнәрсемен, пәлендей ♦He behaved with great dignity. – Ол өзін үлкен абыроймен/ өте абыройлы ұстады. ♦She sleeps with the window open. – Ол терезені ашып қойып ұйықтай береді. ♦Don't stand with your hands in your pockets. – Қолыңды қалтаңа салып тұрма. 7.бір жайтпен/ фактімен екіншісін салыстырғанда қолд ♦She won't be able to help us with all the family commitments she has. – Ол бізге көмектесе алмайды – үйінде шаруасы көп. ♦It's much easier compared with last time. – Өткен жолғымен салыстырғанда – бұл көп/ әлдеқайда жеңіл. 8.бірнәрсені қосқанда/ қоса алғанда, бірнәрсемен ♦The meal with wine came to $20 each. – Шараппен берген астың құны әр адам үшін $20. ♦With all the lesson preparation I have to do I work 12 hours a day. – Сабаққа дайындықты/ дайындалуды қоса алғанда, күніне 12 сағат қимылдаймын/ жұмыс істеймін. 9.бір зат пәлен жерде не бірнәрсеге пәлен жауапты дег мағ ♦The keys are with reception. – Кілт ресепшнде. ♦Leave it with me. – Бұны маған қалдыр. 10.біреуге/ бірнәрсеге жұмыс істеді; бірнәрсенің қызметін пайдалана ♦She acted with a touring company for three years. – Ол тур-компанияға/ саяхат компаниясына үш жыл (жұмыс) істеді. ♦I bank with HSBC. – HSBC банкін пайдаланамын. 11.пәлен себепке бола, пәлен себеппен; бірн-ң нәтижесінде ♦She blushed with embarrassment. – Ұяттан/ Ұялып қызарып кетті. ♦His fingers were numb with cold. – Суықтан саусақтары қатып қалыпты/ көгеріп кетіпті. ♦The shadows lengthened with the approach of sunset. – Күн бата көлеңкелер ұзара бастады. ♦Skill comes with practice. – Шеберлік/ Еп жұмыс істей пайда болады. 12.бірнәрсемен, бір бағытта ♦Marine mammals generally swim with the current. – Теңіз сүт қоректілері жалпы ағыспен бірге жүзеді. 13.ажырау, доғару, тсс ♦I could never part with this ring. – Осы жүзікті/ сақинаны қолымнан тастамаймын. ♦Can we dispense with the formalities? – Бейресми болайықшы? 14.бірнәрсеге қарамастан ♦With all her faults I still love her. – Бойында қанша міні болса да оны сүйемін. 15.дауыстай сөйлегенде қолд ♦Down with school! – Мектеп/ Мектебі құрысын! ♦Off to bed with you! – Тұр қане төсектен! 16. (idm) *be with smb (on smth) бірге болу, жанында болу, қолдау, жақтау ♦We're all with you on this one. – Бұл мәселеде бәріміз сенімен/ сізбен біргеміз./ Бұл мәселеде бәріміз сені/ сізді қолдаймыз/ жақтаймыз. *be with me/you (informal) біреуді ұға/ түсіне алу ♦Are you with me? – Мені түсіндің(із) бе/ ұқтың(ыз) ба? ♦I'm afraid I'm not quite with you. – Сені/ Сізді онша ұға алмай тұрмын-ау. *with it (informal) a) айналасына мән беру, жұртпен араласып-құраласу (syn: alert) ♦You don't seem very with it today. – Бүгін селқостау сияқтысың. b) (syn: trendy) (old-fashioned) жаңа сәнді/ моданы/ идеяларды білу, солардан хабардар болу ♦Don't you have anything more with it to wear? – Сәнділеу/ Жаңалау киімің жоқ па? *with that дәл содан соң/ кейін; сосын ♦He muttered a few words of apology and with that he left. – Ол міңгірлеп ғафу өтінді де кетіп қалды.