withdraw [wɪðˈdrɔː; wɪθˈdrɔː] v (pt withdrew [wɪðˈdruː; wɪθˈdruː], pp withdrawn [wɪðˈdrɔːn; wɪθˈdrɔːn]) 1.банктегі өз счетынан ақша алу ♦∼ smth With this account, you can withdraw up to £300 a day. – Бұл счетпен күніне £300 дейін ала аласыз. ♦∼ smth from smth He had withdrawn all the money from their joint account. – Ол өздерінің ортақ счетындағы барлық ақшаны алған. 2.кері кету, шығу, шегіну; алып кету, шығару  (syn: pull out (of smth)) ♦Government troops were forced to withdraw. – Үкімет әскерлері кетуге мәжбүр болды. ♦∼ (smb/smth) (from smth) Both powers withdrew their forces from the region. – Екі держава да/ алпауыт ел де аймақтан әскерін/ әскерлерін шығарды/ алып кетті. She withdrew her hand from his. – Ол (қыз) оның (жігіттің) қолынан қолын кері алды. 3.ұйымнан шығу/ кету; ұйымнан шығару/ кетіру ♦∼ (from smth) In 2016 Britain voted to withdraw from the EU. – 2016 жылы Британия ЕО-дан шығуға дауыс берді. He was forced to withdraw from the competition because of injury. – Жарақатына байланысты жарыстан шығуға мәжбүр болды. ♦∼ smb/smth (from smth) The horse had been withdrawn from the race. – Атты бәйгеден/ жарыстан шығарып тастады/ шығарды. 4.тоқтату, тоқтау, доғару, тыю ♦∼ smth Workers have threatened to withdraw their labour. – Жұмысшылар істемей қоямыз деп қорқытты. He withdrew his support for our campaign. – Ол біздің науқанымызға/ кампаниямызға қолдауын доғарды/ тоқтатты. Unless you return the form within seven days, the offer will be withdrawn. – Бір жетіде форманы толтырып, жібермесеңіз, ұсынысты алып тастайды. ♦∼ smth from smth The drug was withdrawn from sale after a number of people suffered serious side effects. – Біраз адам қосымша әсерінен/ әсерден қиналған соң дәріні сатқызбай тастады. 5. ∼ smth (formal) сөзін кері алу, бұрын айтқан сөзінен тану/ айну (syn: retract) ♦The newspaper withdrew the allegations the next day. – Газет келесі күні айыптау сөздерін кері алды. Last night he unconditionally withdrew his comments. – Кеше кешкісін ол өз сөздерін ешбір түсіндірместен кері алды. 6. ∼ (from smth) (into smth/yourself) тұйықталу, өзімен-өзі болу, жұртпен аз араласу ♦She's beginning to withdraw into herself. – Ол өзімен-өзі бола бастады/ тұйықтала бастады. She withdrew into her own world. – Ол өз әлеміне шегінді.