within [wɪˈðɪn] A.preposition 1.белгілі бір уақыт ішінде/ арасында ♦You should receive a reply within seven days. – Жеті күн/ Бір апта ішінде жауап алуың керек/ саған жауап келуі керек. ♦The ambulance arrived within minutes of the call being made. – Жедел жәрдем телефон шалғаннан соң бірнеше минут ішінде келді. ♦Two elections were held within the space of a year. – Екі сайлау бір жыл ішінде өтті. 2. (білгілі бір) арада, шекте, жер/ қашықтық арасында/ ішінде ♦a house within a mile of the station – станциядан бір миль шектегі/ бір мильдің арасындағы/ ішіндегі үй ♦Is it within walking distance? – Оған жаяу барса бола(ды) ма? 3. (белгілі бір) ауқым ішінде, ауқымда, шекте, аралықта ♦That question is not within the scope of this talk. – Ол сұрақ бұл әңгімеге кірмейді/ бұл әңгімеде талқыланбайды. ♦We are now within range of enemy fire. – Біз енді жау оғы жететін жердеміз. ♦He finds it hard to live within his income. – Жалақысы/ Табысы күнкөрісіне әрең жетеді. 4. (formal) ішінде, ішкі жағында, арасында ♦The noise seems to be coming from within the building. – Шу үй-жайдың ішінен шығатын сияқты. ♦There is discontent within the farming industry. – Ауыл шаруашылығы индустриясы кейбір нәрселерге риза болмауда. ♦Despite her grief, she found a hidden strength within herself. – Қайғысына қарамастан ол (өз) өзегінде тұнған күш/ жігер тапты. B.adv (formal) ішінде ♦Cleaner required. Apply within. – (хабарламадағы жазу:) Тазалаушы қажет. Ішке кіріп хабарласыңыз.