witness [ˈwɪtnəs] A.n 1.куә, куәгер (свидетель) (also eyewitness) ♦He failed to interview a key witness. – Ол басты/ негізгі куәмен сөйлесе алмады. ♦∼ to smth Police have appealed for witnesses to the accident. – Полиция үндеп, оқиғаның куәлерін (келуге) шақырды. ♦We have a witness to the killing. – Бізде кісі өлтіру оқиғасының куәсі бар. ♦According to witnesses, the man jumped out of his vehicle and attacked the other driver. – Куәлердің айтуынша, әлгі кісі машинасынан атып шығып, басқа жүргізушіге қол көтерген/ жұмсаған. ♦She gave a witness statement to the police. – Ол полицияға куә ретінде айғақ берді. ♦a witness protection programme – куәлерді қорғау программасы/ шарасы ♦a defence/prosecution witness – (сотта) қорғанушы жақ/ айыптаушы жақ куәсі ♦He was hired to be an expert witness in the trial. – Оны сотта/ сотқа эксперт-куә(гер) ретінде жалдады. ♦to appear as (a) witness for the defence/prosecution - (сотта) қорғанушы жақ/ айыптаушы жақ куәсі ретінде сөйлеу ♦The defence called their first witness. - (Сотта) қорғанушы жақ өзінің/ өздерінің бірінші куәсін шақырды. ♦Several witnesses testified that there had been two gunmen. – Бірнеше куә онда мылтық ұстаған екі адамның болғанын айтты. ♦He was one of the witnesses at our wedding. – Ол біздің үйлену тойымызда куә(гер) болды. ♦The will was signed in the presence of two witnesses. – Өсиетхатқа/ Мұрахатқа екі куәнің көзінше қол қойған. ♦∼ to smth There was no witness to her signature. – Оның қол қойғанын көрген куә болмаған. 2. (кісінің тақуалығын, діндарлығын растайтын) айғақ 3. (idm) *bear/give witness (to smth) айғақ болу, куә болу ♦The crowd of mourners at his funeral bore witness to the great affection in which he was held. – Оны(ң) жерлеу рәсіміне келген көптеген адам оның аса сыйлы адам болғанын айғақтады. ♦The ancient temples bear silent witness to the passing dynasties. – Ежелгі мазарлар/ қабірлер өткен династиялардың/ билеуші таптардың куәгері. *be (a) witness to smth a) (formal) куә болу, көру ♦He has been witness to a terrible murder. – Ол жан шошырлық кісі өлтіру оқиғасының куәсі болды/ оқиғасын көрді. ♦a witness to murder – кісі өлтіру оқиғасының куәсі/ куәгері b) растау, рас екенін дәлелдеу, айғақ беру, айғақ болу; куә болу ♦His good health is a witness to the success of the treatment. – Оның жақсы денсаулығы емнің сәтті болғанын көрсетеді. B.v 1. ∼ smth (қылмысқа, оқиғаға, тб) куә болу, көру ♦to witness an accident/a murder/an attack – оқиға/ кісі өлтіру оқиғасының/ шабуылдың куәсі ♦Police have appealed for anyone who witnessed the incident to contact them. – Полиция оқиғаны көрген адамдардан хабарласуын өтінді. ♦We are now witnessing an unprecedented increase in violent crime. – Енді/ Қазір(гі уақытта) ауыр қылмыстың қауырт өсуіне куә болудамыз. ♦I couldn’t bear to witness their suffering. – Олардың қалай қиналғанын/ қиналысын көруге шыдамадым. ♦It's one of the strongest pieces of dance theatre I've ever witnessed. – Бұл мен көргендердің арасындағы ең мықты би театры. 2. ∼ smth болу, байқалу, көру ♦Recent years have witnessed a growing social mobility. – Кейінгі жылдары әлеуметтік белсенділік артуда. ♦The retail trade is witnessing a sharp fall in sales. – Бөлшек сауда (розничная торговля) күрт құлдырауда. 3. ∼ smth куә/ куәгер болу, көру ♦to witness a signature – қол қоюға куә болу, қол қоюды көру ♦The document was witnessed by a lawyer. – Документке юрист/ заңгер куә болды. 4.көрсету, куә болу, белгісі болу ♦∼ to smth The huge attendance figures for the exhibition witness to a healthy interest in modern art. – Көрмеге өте көп адамның келуі қазіргі заманғы өнерге деген әжептәуір зейінді білдіреді. ♦(formal) Authentic Italian cooking is very healthy - witness the low incidence of heart disease in Italy. – Байырғы/ Дәстүрлі итальян кухнясы денсаулыққа өте дұрыс – Италияда жүрек аурулары аз. 5. (especially NAmE) ∼ (to smth) өзінің діндар/ тақуа екені жайлы жұртқа айту (syn: testify)