wobble [ˈwɒbl] A.v 1.дірілде(т)у, қалтыра(т)у, селкілде(т)у, шайқал(т)у, қисаңда(т)у, ырғал(т)у ♦This chair wobbles. – Орындық/ Кресло қисаңдап/ шайқалып/ ырғалып тұр. ♦(figurative) Her voice wobbled with emotion. – Көңіл-күйі толқып, даусы дірілдеді. ♦∼ smth Don't wobble the table - I'm trying to write. – Столды шайқалтпа/ ырғама – (қаламмен) жазайын деп жатырмын. 2.шайқалу, қисаңдау, ырғалу ♦He wobbled off on his bike. – Ол велигін қисаңдатып/ қисаңдата айдап кетіп қалды. 3. қипақтау, кібіртіктеу, іркілу, жүрексіну, тайсалу, қобалжу, жасу ♦Yesterday the president showed the first signs of wobbling over the issue. – Кеше алғаш рет президенттің осы мәселеде қипақтағаны/ кібіртіктегені байқалды. B.n 1.шайқалу, дірілдеу, селкілдеу, қисаңдау, қалтырау, ырғалу ♦The handlebars developed a wobble. – Руль босай бастапты. 2. қипақтау, кібіртіктеу, іркілу, жүрексіну, тайсалу, қобалжу, жасу ♦The team is experiencing a mid-season wobble. – Маусым/ Сезон ортасында команда сүрінуде.