woeful [ˈwəʊfl] adj 1.өте нашар/ жаман, өте ауыр (күй); құптауға болмайтын (syn: deplorable) ♦She displayed a woeful ignorance of the rules. – Ол ережелерді тіпті (де) көзге ілмеді. 2. (literary or formal) өте қайғылы/ қайғырған, мұңлы, жабырқау ♦a woeful face – жабырқау/ қайғырған жүз woeful tales of broken romances – айырылысқан ғашықтар жайлы мұңлы әңгімелер