wonder [ˈwʌndə(r)] A.v 1. (рас па, не болады, не істеу керек деп) ойлану, ойлау, (ойша) сұрақ қою ♦‘Why do you want to know?’ ‘No particular reason. I was just wondering.’ – «Неге (бұны) білгің(із) келеді?» «Жай, ә(н)шейін сұрағаным ғой». ♦∼ who, where, etc… I wonder who she is. – Ол (қыз) кім болды екен(-и)? I was just beginning to wonder where you were. – Сен қайда жүр екен деп ойлана бастағам(ын). You have to wonder just what he sees in her. – Ол (жігіт) одан (қыздан) не тапты екен(-оу) (яғни, неге сонша ғашық болды екен). I can't help wondering whether I'm missing something here. – Бұнда бірнәрсені ұқпай тұрмын-ау деген ой мені мазалай береді.Have you ever wondered what your cat really thinks of you? – Мысығым мен жайлы не ойлайды екен деп ойланып көрдің бе? I always wondered why you never got married. – Осы сен/ сіз неге ешқашан үйленбеді екен деп ылғи ойлайтынмын/ ойланатынмын. I'm still wondering how that could have happened. – Неге солай болды екен деп әлі ойлаймын/ ойланамын. I sometimes wonder where all this is going to end. – Кейде осының бәрі немен бітеді деп ойлаймын/ ойланамын. I often wonder what became of him. – Оған (о жігітке) не болды екен деп жиі ойлаймын/ ойланамын. ♦∼ about smb/smth We were wondering about next April for the wedding. – Алдағы сәуір/ апрель айында үйленсек пе деп ойланып жүргенбіз. ‘Where's Natasha?’ he wondered aloud. – «Наташа қайда болды екен?» деді ол ойлана. 2. ∼ if, whether… сыпайы сұрағанда қолд ♦I wonder if you can help me. – (Осы) маған жәрдемдесе алады ма екенсің/ екенсіз? I was wondering whether you'd like to come to a party. – Сауық-кешке сен/ сіз келеді ме екен деп (ойлап/ ойланып) жүргенмін. 3.таңғалу, таңырқау ♦∼ (at smth) She wondered at her own stupidity. – Ол өзінің топастығына таңғалды/ таңырқады. ♦(BrE, informal) He's gone and left us to do all the work, I shouldn't wonder. – Ол кетті де, бар(лық) жұмысты бізге тастап кетті, таңғалатын ешнәрсе жоқ (со баяғы әдеті ғой). ♦∼ (that)… I wonder (that) he didn’t hurt himself jumping over that wall. – Қабырғадан/ Дуалдан секіремін деп үстін ауыртпағанына/ мертікпегеніне/ жарақаттанбағанына таңғаламын. I don't wonder you're tired. You've had a busy day. – Шаршасаң, таңғалатын ешнәрсе жоқ. Күні бойы тыным таппадың. B.n 1.таңғалыс, таңғалу, таң, таң-тамаша, таңырқас, таңырқау; ғажап, керемет, тамаша (syn: awe) He retained a childlike sense of wonder. – Оның балаша таңғалатын әдеті (өзімен өмір бойы) қалды/ әдетін тастамады. in  She gazed down in wonder at the city spread below her. – Көз алдында төменде созылған қалаға ол таңырқай қарады. His eyes were filled with wonder at the sights before him. – Көз алдындағы көріністерден ол таң-тамаша болды. 2.ғажап, ғажайып, таңғажайып, керемет, тамаша, ғажап нәрсе (чудо) (syn: marvel) ♦The temple, built in 1403, is an architectural wonder. – 1403 жылы сал(ын)ған ғибадатхана архитектура/ сәулет ғажабы/ кереметі/ ерекше туындысы. ♦∼ of smth The Grand Canyon is one of the natural wonders of the world. – Грәнд Каньон - әлемдегі/ дүниедегі табиғат кереметтерінің/ ғажаптарының бірі. the wonders of modern technology – қазіргі технология ғажаптары/ таңғажайыптары the Seven Wonders of the Worldдүниенің жеті кереметі/ ғажабы/ таңғажайыбы (ежелгі дүниедегі жеті ең керемет/ ғажайып құрылыс) ♦That's the wonder of poetry - you're always discovering something new. – Бұл – поэзияның кереметі/ ғажайып нәрсесі; қашан да бір тың дүние алдыңнан шығып отырады. technological wonders – технологияның кереметтері/ ғажаптары 3. (informal) хас шебер, аса тәжірибелі, ғажап адам/ маман ♦Dita, you're a wonder! I would never have thought of doing that. – Дита, кереметсің! Бұлай істеу ешбір ойыма кірмес еді. Have you seen the boy wonder play yet? – Ана керемет дарынды баланың ойнағанын көрдің бе? a new wonder drug – жаңа ғажайып/ керемет дәрі 4. (idm) *a chinless wonder ​(BrE, humorous, disapproving) [қ-з: chinless (3)] *do wonders (for somebody/something) өте жақсы әсер/ ықпал ету ​♦The news has done wonders for our morale. – Хабар/ Жаңалық еңсемізді көтеріп тастады. The change of diet has done wonders for my skin. – Диетаны өзгертіп едім, терім жап-жақсы болып қалды. *it’s a wonder (that)… ​(informal) қызық екен, таңғалатын/ таңырқайтын нәрсе екен ♦It’s a wonder (that) more people weren’t hurt. – Қайта, көп адамдардың жарақаттанбағаны жақсы болыпты. *a nine days’ wonder ​қысқа мерзімдік қызық, бір серпіліп қалу *(it’s) no/little/small wonder (that)… ​таңғалатын ешнәрсе жоқ, таңғалуға болмайды ♦It is little wonder (that) she was so upset. – Оның сонша(ма) ренжігені/ кейігені – түсінікті. ♦(informal) No wonder you're tired - you've been walking for hours. – Шаршадың(ыз) ғой енді – қаншама сағат (жаяу) жүрдің(із). No wonder you're still single - you never go out! – Әлі (күнге дейін) жалғыз(басты) екеніңе таңғалатын ешнәрсе жоқ – үйден бір аттап шықпайсың! *wonders will never cease ​(informal, usually ironic) «ғажап нәрселер ешқашан бітпейді» (таңғалысты, сүйсіністі білд) ♦‘I've cleaned my room.’ ‘Wonders will never cease!’ – «Бөлмемді тазалап шықтым». «Неткен ғажап!» *work wonders ​өте үздік нәтижелерге қол жеткізу ¨Her new diet and exercise programme has worked wonders for her. – Жаңа диетасы мен шынығуының арқасында ол құлпырып кетті.