wonderful [ˈwʌndəfl] adj 1.керемет, тамаша, ғажап, ғажайып, таңғажайып, қызық ♦This is a wonderful opportunity to invest in new markets. – Бұл – жаңа рыноктарға/ базарларға инвестиция жасайтын керемет мүмкіндік. The builders have done a wonderful job here. – Бұнда құрылысшылар керемет жұмыс тындырған. it is to do smth It's wonderful to see you! – Сені көрген қандай тамаша! it is that… It's so wonderful that you can all come! – Бәріңнің келе алатындарың өте жақсы болды! You've all been absolutely wonderful! – Бәрің де керемет/ тамаша болдыңдар! a wonderful experience/place/day/book – өте пайдалы тәжірибе/ өте қызық жер/ керемет күн/ өте қызық кітап a truly wonderful surprise – шынымен де өте таңырқайтын нәрсе a really wonderful person – шынымен де керемет адам We had a wonderful time last night. – Кешегі уақтымыз өте қызық болды. The organization is doing wonderful things for the community. – Ұйым қауым үшін өте пайдалы істер тындыруда. the strange and wonderful world of Chinese ghost stories – қытайдың елес/ әруақ жайлы аңыз-ертегілерінің ерекше де өте қызық әлемі to look/sound/feel wonderful – өте керемет көріну/ естілу/ сезілу It would be wonderful if you could be there. – Сен сонда бола алсаң керемет болар еді. 2. it is what… аса таңырқарлық, аса қызықты (syn: remarkable) ♦It's wonderful what you can do when you have to. – Мәжбүр болғанда керемет іс(тер) тындыруға болады екен. It's wonderful what a little flattery will do. – Жылы сөз адамға керемет дем береді.