woo [wuː] v (pt, pp wooed [wuːd]) 1. ∼ smb біреуді өз жағына тарту, біреудің қолдауына/ жақтауына ие болуға тырысу, біреуді қолдатуға/ жақтатуға тырысу ♦Voters are being wooed with promises of lower taxes. – (Саясатшылар) салықты азайтамыз деп уәде беріп сайлаушыларды өз жағына тартуда. ♦Selected items are being sold at half price to woo customers into the store. – Клиенттерді/ Тұтынушыларды магазинге тарту үшін кейбір заттар жарты бағаға сатылуда. 2. ∼ smb (old-fashioned) (еркек ж) қызға/ әйелге қырындау, айналдыру, қызды/ әйелдi өзiне қаpатyға тыpыcy (syn: court)