word [wɜːd] A.n 1.сөз ♦Do not write more than 200 words. – Екі жүз сөзден көп/ артық жазба(ңыз). ♦Do you know the words to this song? – Осы әннің сөзін білесің(із) бе? ♦∼ for smth What's the Spanish word for ‘cat’? – «Мысықты» испанша не дейді? ♦He was a true friend in all senses of the word. – Қалай айтса да, ол нағыз дос еді. ♦Tell me what happened in your own words. – Не болғанын өз сөзіңмен айтшы. ♦I could hear every word they were saying. – Олардың әр(бір) сөзін ести алдым. ♦without speaking/uttering a word – ләм деместен, бір сөз айтпастан ♦He couldn't find the words to thank her enough. – Ол оған рахметін жеткізетін сөз таба алмады. ♦Words fail me. – Сезімімді айтып жеткізе алмаймын. ♦Have a word with Pat and see what she thinks. – Пәтпен сөйлесіп, оның не ойлайтынын біл(гін). ♦Could I have a quick word with you? – Сенімен/ Сізбен бір ауыз сөйлессем бола(ды) ма? ♦A word of warning: read the instructions very carefully. – Ескерту: нұсқауларды мұқият оқыңыз. ♦words of love/encouragement – махаббат/ демеу сөздері ♦She left without a word. – Ол ләм деместен/ бір сөз айтпастан кетіп қалды/ қалыпты/ қалған. 2.сөз, уәде, уағда ♦I give you my word that this won't happen again. – Сөз(імді) беремін/ берейін, бұл енді қайталанбайды. ♦I give you my word of honour … - Сөз беремін.../ Уәде етемін... ♦We never doubted her word. – Ешқашан ол (өз) сөзінен айниды деп ойлаған емеспін. ♦to keep your word – сөзінде/ уәдесінде тұру ♦He promised to help and was as good as his word. – Ол көмектесемін деді де, көмектесті. ♦He's a man of his word. – Ол – сөзінде тұратын/ уәдесінен айнымайтын адам. ♦I trusted her not to go back on her word. – Ол сөзінде тұрады/ уәдесінен айнымайды деп сендім. ♦I can't prove it - you'll have to take my word for it. – Бұны дәлелдей алмаймын – айтарым осы. 3.сөз, хабар ♦There's been no word from them since before Christmas. – Олар рождестводан бұрын бір хабарласты, содан соң ешбір хабар болмады. ♦She sent word that she would be late. – Ол кешігемін деп хабарлапты. ♦If word gets out about the affair, he will have to resign. – Бұл дау жайлы жұрт естісе, оның қызметтен кетуі керек болады. ♦Word has it that she's leaving. – Ол кететін бо(лы)пты дейді. ♦The word is they've split up. – Олар айырылысыпты/ ажырасыпты дейді. 4. the Word (also the Word of God) библия, інжіл не сонда жазылғандар 5. (idm) *actions speak louder than words (saying) кісі сөзімен емес, ісімен танылады *bandy words (with somebody) (old-fashioned) біреумен салғыласу; біреуге дөрекі сөйлеу *be a dirty word жаман сөз, жақтырмайтын нәрсе ♦Profit is not a dirty word around here. – Бұл жерде пайда жаман сөз/ теріс түсінік емес. ♦Work is a dirty word to Frank. – Фрәнк жұмыс деген сөзді жақтырмайды. *be lost for words (таңғалғаннан не сасқаннан) не айтарын білмеу/ білмей қалу *beyond words сөзбен (айтып) жеткізу қиын ♦We were bored beyond words. – Жалыққанымызды/ Зеріккенімізді сөзбен (айтып) жеткізу қиын. *by word of mouth ауызша (тараған) ♦The news spread by word of mouth. – Хабар ауыздан ауызға тарады. *eat your words «өз сөзін жеу», сөзін кері алу, өзінің қатесін мойындау ♦When he told her she would fail, she swore she would make him eat his words. – Ол (жігіт) оған (қызға) сүрінесің (істей алмайсың) дегенде, ол( қыз) оған (жігітке) әлі сөзіңді кері аласың деді. *famous last words (saying) «Әйгілі ақырғы сөздер!», біреу тым сенімді/ мақтаншақ дег мағ ♦‘Everything's under control.’ ‘Famous last words!’ – «Бәрі де бақылауда». «Паһ, тым сенімді болма!» *(right) from the word go (informal) ең басынан бастап, ә дегеннен *(not) get a word in (edgeways) (BrE) (also (not) get a word in (edgewise)) басқа біреу тым көп сөйлегендіктен сөйлеу/ сөйлемеу ♦When Mary starts talking, no one else can get a word in edgeways. – Мәри басқаларға сөз бермей тұрып алады. *hang on somebody’s words/on somebody’s every word көңіліне жағатын адамның сөзін ұйи тыңдау ♦The journalists hung on his every word as he spoke of his ordeal. – Журналистер ол өз хикаясы жайлы айтқанда ұйи тыңдады. *have a word in somebody’s ear (BrE) біреумен бірнәрсе жайлы оңаша сөйлесу/ тілдесу ♦Can I have a word in your ear about tomorrow's presentation? – Ертеңгі презентация/ тұсаукесер жайлы сенімен/ сізбен оңаша сөйлессем бола(ды) ма? *have/exchange words (with somebody) (about something) (especially BrE) біреумен сөз таластыру, салғыласу, айтысып қалу ♦We've had words. – Айтысып қалдық. ♦Words were exchanged. – Біраз айтыс болды. *in other words басқаша/ басқалай/ басқа сөзбен айтқанда, яғни ♦They asked him to leave - in other words he was fired. – Олар одан кетуін өтінді – басқаша айтқанда, оны жұмыстан шығарып жіберді. ♦They're letting me go - in other words, I've been sacked. – Олар мені ұстамауда – яғни, мені жұмыстан босатты. *(not) in so/as many words дәл солай деді/ демеді ♦‘Did she say she was sorry?’ ‘Not in so many words.’ – «Ол қынжылыс білдірді ме/ ғафу өтінді ме?» «Дәл солай демеді». ♦He didn't approve of the plan and said so in as many words. – Ол жоспарды құптамады және дәл солай айтты. ♦They told me in so many words that I was no longer needed. – Олар менің енді қажет еместігімді айтты. *in a word (informal) бір сөзбен айтқанда/ айтса, қысқаша қайырғанда ♦‘Would you like to help us?’ ‘In a word, no.’ – «Бізге жәрдемдескің келе ме?» «Бір сөзбен айтқанда, жоқ». *in words of one syllable [қ-з: syllable (2)] *the last/final word (on something) соңғы сөз, соңғы/ ақырғы шешім ♦I’m willing to wait one more week, and that’s my final word on the subject. – Бір апта күткім келеді – осы мәселе бойынша соңғы сөзім осы. ♦The Chairman always has the last word on financial decisions. – Қаржы шешімдерінде төраға ылғи да/ қашан да соңғы шешімді шығарады/ қабылдайды. *the last word (in something) [қ-з: last 1(A5)] *mum’s the word! (informal) бұны ешкімге айтпа, құпия сақта *not have a good word to say for somebody/something (informal) біреу/ бірнәрсе жайлы ешқашан жақсы айтпау ♦Nobody had a good word to say about him. – Ол жайлы ешкім (де) жақсы айтпады. *not mince (your) words [қ-з: mince (A3)] *the operative word [қ-з: operative (B3)] *a play on words [қ-з: play (B7)] *the printed word/page [қ-з: page (А8)] *put in a (good) word for somebody біреуге көмектесу үшін оны басқа береуге мақтау/ ол жайлы жақсы сөз айту ♦If you run into the boss, put in a good word for me! – Бастыққа жолығып қалсаң, мен жайлы жақсы бірдеңе деші. *put words into somebody’s mouth [қ-з: mouth (А8)] *say/give the word бір сөз айту, яғни бұйыру не өтіну ♦Just say the word, and I'll go. – Бір сөз айтсаң болды, кетемін. *take somebody at their word біреудің сөзіне жармасу, біреуді сөзінен ұстау, яғни, біреудің сөзіне/ уәдесіне сену ♦He said I could stay at his house any time, so I took him at his word. – Ол маған қай уақытта болсын үйіме келіп тұра аласың деген, сөйтіп мен солай істедім. *take the words right out of somebody’s mouth [қ-з: mouth (А8)] *too funny, silly, ridiculous, etc. for words өте қызық/ ақымақ/ мағынасыз *a war of words [қ-з: war (2)] *weigh your words [қ-з: weigh (6)] *(upon) my word (old-fashioned) о тоба, мәссаған, тсс (таңғалысты білдіреді) *word for word сөзбе-сөз, дәлме-дәл ♦She repeated their conversation word for word to me. – Ол маған әңгімені сөзбе-сөз айтып берді. ♦a word-for-word translation – сөзбе-сөз аударма/ тәржіме *somebody’s word is their bond біреудің уәдесіне толық сенуге болады *words to that effect (мағынасы) сол сияқты, сол шамасында ♦He told me to leave - or words to that effect. – Ол маған кет деді – яғни, сол сияқты айтты. *the written word жазылған сөз ♦the permanence of the written word – жаз(ыл)ған сөздің өшпейтіндігі/ орнықтылығы B.v жазу ♦be worded How was the letter worded? – Хатта не депті? C.exclamation word! (NAmE, informal) келістім, жақсы дег мағ