work [wɜːk] A.v 1.жұмыс істеу, іс істеу, істеу ♦I can't work if I'm cold. – Жаурасам/ Мұздасам, жұмыс істей алмаймын/ алмай қаламын. ♦The kids always work hard at school. – Балалар мектепте ылғи/ үнемі/ қашан да аянбай/ қатты сабақ оқиды/ жұмыс істейді. ♦∼ on smth The whole team is currently working on the project. – Бүткіл топ қазір жоба бойынша жұмыс істеуде. ♦He is working on a new novel. – Ол жаңа роман жазуда/ жазып жатыр. ♦She's outside, working on the car. – Ол – тыста/ сыртта машинаны дұрыстап жатыр/ дұрыстауда. ♦We work closely with clients to develop specific solutions. – Арнайы шешімдер табу үшін клиенттермен тығыз жұмыс істейміз. ♦Doctors often work very long hours. – Дәрігерлер көп жағдайда/ көбінесе ұзақ (күн) жұмыс істейді. 2. (тұрақты) жұмыс болу, қызметі болу, жұмыс істеу ♦Both my parents work. – Ата-анамның екеуі де жұмыс істейді. ♦to work in an office/a factory – кеңседе (офисте)/ заводта жұмыс істеу ♦∼ for smb/smth She works for an engineering company. – Ол инженерлік компанияда жұмыс істейді. ♦My father wants me to work for him when I leave school. – Мектеп бітіргенімде әкем өз компаниясында/ қызмет орнында жұмыс істегенімді қалайды. ♦∼ in smth I've always worked in education. – Мен ылғи білім саласында істедім/ істеп келемін. ♦He worked in the oil industry for twenty years. – Ол мұнай саласында жиырма жыл істеді. ♦∼ as smth My son is working as a teacher. – Ұлым мұғалім болып істейді. 3.жұмыс/ қызмет істеу, әрекеттену, талпыну ♦∼ for smth She dedicated her life to working for peace. – Ол өмірін бейбітшілік үшін жұмыс істеуге арнады. ♦∼ to do smth The committee is working to get the prisoners freed. – Комитет тұтқындарды босату үшін жұмыс істеуде/ әрекеттенуде. ♦∼ together We have proved that different groups can work harmoniously together. – Түрлі топтардың үйлесе жұмыс істей алатынын дәлелдедік. ♦∼ together to do smth The police and the public need to work together to combat crime. – Қылмыспен күресу үшін полиция мен қоғам бірлесе жұмыс істеуі керек. 4. ∼ yourself/smb өзіне/ біреуге жұмыс істеткізу ♦She works herself too hard. – Ол аянбай/ өте қатты жұмыс істейді. ♦He says they're working him hard. – Ол аналар/ олар мені аямай жұмсайды/ жұмыс істеткізеді дейді. 5.жұмыс/ қызмет істеу, әрекет ету, қозғалу ♦The printer isn't working. – Принтер жұмыс істемей тұр/ істемей қа(лы)пты. ♦How does the device actually work? – Мына жабдық негізі қалай (жұмыс) істейді? ♦How the brain works? – Ми қалай жұмыс істейді? ♦∼ by smth It works by electricity. – Бұл электрмен (жұмыс) істейді. 6. ∼ smth (жұмыс) істету ♦Do you know how to work the coffee machine? – Кофе (әзірлейтін) машинаны қалай істететінін білесің(із) бе?/ Кофе машинаның қалай істейтінін білесің(із) бе? ♦The machine is worked by wind power. – Машина желмен істейді/ қозғалады./ Машинаны жел істетеді. 7.әсер ету, нәтиже беру/ болу, іске асу, тсс ♦The pills the doctor gave me aren't working. – Дәрігер берген дәрілердің/ таблеткалардың әсері болмауда. ♦My plan worked, and I got them to agree. – Жоспарым жүзеге асып/ іске асып/ ойдағыдай болып, олар келісті. ♦The system seemed to work well. – Жүйе/ Система жақсы істейтіндей көрінді. ♦Everything worked very smoothly. – Бәрі де жақсы болды/ істеді. 8.пәлендей әсер/ ықпал ету, әсері/ ықпалы болу ♦∼ against smb Your age can work against you in this job. – Жасыңыздың (яғни, жасыңыздың үлкендігі/ кішілігі) бұл жұмыста өзіңізге қырсығы/ кесірі/ зияны тиюі мүмкін. ♦∼ in smb’s favour Speaking Italian should work in his favour. – Итальяншасының/ Итальянша білетіні(нің) өзіне пайдасы тиюі мүмкін. 9. ∼ smth игеру, меңгеру, басқару, істету ♦to work the land – жер игеру, жерге/ жерде егін өсіру/егу, тсс ♦Boys who didn't go to school worked the land with their fathers. – Мектепке бармаған балалар әкелерімен бірге егін өсірді. ♦He works a large area. – Ол компанияның өнімдерін сатады, тсс. ♦You have to learn how to work the system if you want to succeed. – Табысқа жеткің келсе, жүйенің қалай істейтінін үйренуің/ білуің керек. ♦(figurative) She was a skilful speaker who knew how to work a crowd. – Ол жұртты игере алатын шебер шешен/ сөйлеуші еді. 10.бірнәрседен зат, нәрселер жасау/ істеу ♦∼ smth to work clay – балшықтан заттар жасау ♦to work gold – алтыннан заттар жасау, зергерлікпен айналысу ♦∼ smth into smth to work the mixture into a paste – шылап, қамыр/ паста/ желім жасау 11. ∼ in/with smth (суретші, тб ж) белгілі бір материал қолдану/ пайдалану ♦an artist working in oils – майлы бояумен салатын суретші ♦a craftsman working with wool – жүнмен істейтін шебер 12. (formal) қалшылдау, дірілдеу ♦He stared at me in horror, his mouth working. – Ол маған шоши қарады, аузы дірілдеп тұрды. 13.баяу/ бірте-бірте қозғалу/ тарау/ жайылу ♦It will take a while for the drug to work out of your system. – Дәрі бойыңызға/ денеңізге баяу тарайды. ♦∼ your way (figurative) He worked his way to the top of his profession. – Ол кәсібінің ұшына/ шыңына өзін-өзі сүйреді/ жетеледі. ♦∼ yourself/smth I was tied up, but managed to work myself free. – Мені байлап тастаған, алайда өзімді босата алдым. ♦The screw had worked loose. – Бұранда босап кетіпті. 14. (idm) *work it/things (informal) (шебер, еппен, ақылмен) ойластыру, жоспарлау ♦Can you work it so that we get free tickets? – Тегін билеттерді қалай ала аламыз, ойластыршы? 15. (phr v) *work around smth мәселенің басқаша шешімін табу, басқаша істеп жол табу, қиындықтан жол табу ♦The lack of test data is a problem, but we've found a way to work around that. – Деректің аздығы – мәселе/ проблема, алайда біз басқаша істедік. ♦John won’t be here on the 15th so we’ll have to work round that. – Джон 15-інде болмайды, сондықтан басқалай бірдеңе істеуіміз керек. *work around to smth/smb (BrE also work round to smth/smb) әңгімені баяу басқа арнаға/ тақырыпқа бұру ♦It was some time before he worked around to what he really wanted to say. – Біраз уақыттан кейін барып қана ол көкейіндегісін айтты. *work at smth талмай/ аянбай айналысу/ шұғылдану/ талпыну ♦He's working at losing weight. – Ол арықтамақ болып/ салмағын азайтпақ болып әрекеттенуде. ♦Learning to play the piano isn't easy. You have to work at it. – Пианино ойнап үйрену/ үйренген оңай емес. Көп жаттығу қажет. *work smth in | work smth into smth a) бірнәрсені қосуға/ енгізуге тырысу ♦Can't you work a few more jokes into your speech? – Сөзіңізге бірнеше әзіл қоссаңыз қалай болады? b) бірнәрсеге екінші бірнәрсені қосып шылау/ араластыру ♦Work the butter into the flour. – Ұнға май қосып, иле. *work smth off a) жүріп я шынығып толқуын/ ашуын/ үрейін, тб басу ♦She worked off her anger by going for a walk. – Ол біраз (жаяу) жүріп, ашуын басты. b) жұмыс істеп ақша тауып қарызын төлеу ♦They had a large bank loan to work off. – Олардың төлейтін банктен алған үлкен қарызы болды. *work on smb біреуді көндіруге/ келісуге/ иліктіруге тырысу ♦He hasn't said he'll do it yet, but I'm working on him. – Ол әлі істеймін деп айтпады, алайда онымен сөйлесудемін. *work on smth (жақсы нәтижеге жету үшін) аянбай талпыну/ тырысу/ әрекеттену ♦You need to work on your pronunciation a bit more. – Дыбысатауың(ыз)ды (произношение) жақсартуың(ыз) керек. ♦We are working on plans for a new swimming pool. – Жаңа бассейннің жобасы бойынша жұмыс істеудеміз. *work out a) денені шынықтыру, физикалық жаттығу ♦I work out regularly to keep fit. – Бабымда болу үшін ұдайы шынығамын. b) ойдағыдай/ сәтті болу, көздегендей/ ниеттегендей болу ♦My first job didn't work out. – Алғашқы жұмысым ойдағыдай болмады. ♦Things have worked out quite well for us. – Істің бәрі біз үшін жақсы/ тәуір болды. *work out (at/to smth) бағасы/ саны/ құны/ сомасы пәлендей болу ♦The restaurant bill worked out at £23 each. – Ресторанда әрқайсымыз £23 төледік. ♦This all works out to around $11 000. – Бұның бәрі (де) шамамен $11 000 болады. ♦It'll work out cheaper to travel by bus. – Автобуспен барған арзандау/ арзанырақ болады. *work smb out (BrE) біреудің мінезін/ табиғатын ұғу ♦I've never been able to work her out. – Оны тегі еш ұға алмадым. *work smth out a) есептеу, есептеп шығару ♦to work out the answer – жауапты есептеу/ ойластыру b) (especially BrE) (бірн-ң) шешімін/ жауабын табу (syn: solve) ♦to work out a problem – проблеманың/ мәселенің шешімін табу ♦work out what, where, etc… Can you work out what these squiggles mean? – Мынай шимайдың/ айбақ-сайбақ жазудың нені білдіретінін ұға аласың ба? ♦I couldn't work out where the music was coming from. – Музыканың төркінін/ шыққан жерін біле алмадым. c) жоспарлау, ойластыру ♦I've worked out a new way of doing it. – Бұны істеудің жаңа жолын/ әдісін ойлап таптым. d) кеннен барлық руданы/ минералды қазып алу ♦a worked-out silver mine – көне (рудасы біткен) күміс кені *work smb over (slang) (біреуден информация, тб алу үшін оны) ұрып-соғу, қинау *work round to smth/smb = work around to smth/smb *work to smth белгілі бір жоспарға/ жұмыс кестесіне сай істеу, сол бойынша істеу ♦to work to a budget – бюджетке сай істеу ♦We're working to a very tight deadline. – Уақытында бітіру үшін қауырт істеудеміз. *work towards smth мақсатқа/ межеге жетуге тырысу/ талпыну ♦They are all working towards/toward a common goal. – Олардың бәрі де ортақ мақсатқа жету үшін әрекеттенуде. *work smth up бірнәрсе істеуге талпыну/ тырысу/ әрекеттену ♦I can't work up any enthusiasm for his idea. – Оның идеясына/ ойына еш бір қызыға алмай жатырмын. ♦She went for a long walk to work up an appetite. – Тәбетін ашу үшін ол ұзақ (жаяу) жүрді. *work smb/yourself up (into smth) жінігу, соншама толқу/ қозу/ ашулану, тб ♦Don't work yourself up into a state about it. It isn't worth it. – Бұ жөнінде соншама жінікпе/ өзіңді қинама. Бұл оған татымайды. *work smth up into smth бірнәрсені ретке/ жөнге келтіру ♦I'm working my notes up into a dissertation. – Диссертациямды қорғау үшін қағаздарымды реттестірудемін/ реттеудемін. *work up to smth баяу/ бірте-бірте бірнәрсеге ойысу/ өту ¨The music worked up to a rousing finale. – Музыканың соңы керемет болды. ♦I began by jogging in the park and worked up to running five miles a day. – Жеңіл жүгіріп бастағанмын, кейін күніне сегіз км жүгіретін болдым. B.n 1. (used without the) жұмыс, іс, еңбек (syn: employment) ♦He started work as a security guard. – Ол еңбек жолын күзетші болып бастады. ♦I'm still looking for work. – Әлі жұмыс іздеудемін/ қараудамын. ♦It is difficult to find work in the present economic climate. – Қазіргі экономикалық жағдайда жұмыс табу қиын. ♦She's planning to return to work once the children start school. – Балалары мектепке барған соң ол (әйел) жұмысқа оралмақшы. ♦full-time/part-time/unpaid/voluntary work – толық күн жұмыс/ бөлік күн жұмыс/ тегін жұмыс/ ерікті (өз еркімен тегін істеген) жұмыс ♦out of ∼ She had been out of work for a year. – Ол бір жыл жұмыссыз жүрді. ♦in ∼ (BrE) They are in work. – Олардың жұмысы/ ісі бар. ♦What line of work are you in? – Қай салада жұмыс істейсіңіз? ♦off ∼ She's been off work with a bad back since July. – Арқасы жаман ауырып ол шілдеден бері жұмыстан қалды. ♦I go to work at 8 o'clock. – Жұмысқа (таңғы) сегізде барамын. ♦I was late for work again. – Жұмысқа тағы кеш(ігіп) келдім. ♦I have to leave work early today. – Бүгін жұмыстан ерте шығуым/ кетуім керек. ♦Her friends from work came to see her in the hospital. – Бірге істейтін достары халін білу үшін ауруханаға келді. ♦work colleagues – жұмыстағы әріптестер, жұмыстастар, қызметтестер ♦a pleasant work environment – жайлы жұмыс жағдайы ♦at ∼ The new legislation concerns health and safety at work. – Жаңа заң жұмыстағы/ жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздікке көңіл бөледі. ♦before/after ∼ I like to go for a run after work. – Жұмыстан соң жүгіргенді жақсы көремін. ♦Police work is mainly routine. – Полицияның жұмысы – күнделікті күйкі тірлік. ♦The accountant described his work to the sales staff. – Бухгалтер/ Есепші (өз) жұмысын сауда бөлімі қызметкерлеріне түсіндіріп берді. ♦Taking care of a baby is hard work. – Сәбиге қарау/ Сәбиді бағып-қағу – ауыр жұмыс. ♦Whenever am I going to do all this work? – Осынша(ма) жұмысты қашан бітіремін? ♦There is plenty of work to be done in the garden. – Бақшада істейтін іс жетеді. ♦Stop talking and get on with your work. – Сөйлемей, жұмысыңды істе. 2. (жұмысқа қажетті) қағаздар, материалдар, тб ♦She often brings work home with her from the office. – Ол жұмысынан/ жұмыс орнынан үйге жұмыс қағаздарын жиі әкеледі. ♦His work was spread all over the floor. – Еденде оның (жұмыс) қағаздары шашылып жатты. 3.еңбек, бейнет, жұмыс, іс ♦She earned her grades through sheer hard work. – Ол аянбай еңбектеніп/ бейнеттеніп жоғары бағалар алды. ♦∼ on smth We began work on the project last year. – Жоба бойынша жұмысты былтыр бастадық. ♦Work continues on renovating the hotel. – Қонақ үйді жаңғырту/ жаңарту жұмыстары жалғасуда. ♦∼ of doing smth The work of building the bridge took six months. – Көпірді алты ай салды. ♦The art collection was his life's work. – (Көркем)өнер коллекциясы оның өмірлік еңбегі еді. ♦She set them to work painting the fence. – Ол (әйел) оларға шарбақты/ қоршауды сырлау жұмысын берді/ табыстады. 4. (біреудің еңбегінің нәтижесі) туынды, еңбек, жұмыс, шығарма ♦She's an artist whose work I really admire. – Ол суретшінің туындыларын жақсы көремін/ туындыларына сүйсінемін. ♦outstanding work in this area/field – осы саладағы ерекше/ керемет еңбек/ жұмыс ♦Is this all your own work? – Осының бәрін өзің(із) істедің(із) бе? ♦the collected/complete works of Tolstoy – Толстойдың толық жинағы ♦works of fiction/literature – фантазия туындылары/ әдеби еңбектер (туындылар) ♦Chopin’s piano works – Шопеннің пианиноға арнап жазғандары ♦Beethoven composed his greatest works in the latter part of his life. – Бетховен өзінің ең ұлы шығармаларын өмірінің соңына қарай жазды. 5. ∼ (of smb/smth) біреудің әрекетінің нәтижесі ♦The damage is clearly the work of vandals. – Бұзақылар ұрынып зиян/ нұқсан келтірген. 6. works құрылыс, жөндеу, тсс ♦roadworks – жол (жөндеу) жұмыстары ♦They expanded the shipyards and started engineering works. – Олар кеме жасайтын айлақты/ верфьті кеңейтіп, инженерлік жұмыстарды бастады. 7. works (pl ∼) завод, фабрика, жұмыс орны, кәсіпорын, комбинат, индустрия ♦an engineering works – машина жасау заводы ♦a brickworks – кірпіш завод, кірпіш заводы ♦Raw materials were carried to the works by barge. – Заводқа шикізатты баржамен тасыған. 8. the works механизм (машинаның, жабдықтың қозғалатын бөлшектері) (syn: mechanism) 9. the works (informal) бәрі, әрнәрсе, бар(лық) нәрсе ♦We went to the chip shop and had the works: fish, chips, gherkins, mushy peas. – Чіп дүкенге барып, бәрін (де) алдық: балық, чіпс, тұздаған қияр, бұршақтар. 10. (қозғалыс туғызу үшін) күш қолдану, күшті пайдалану 11. (idm) *all in a day’s work [қ-з: day (4)] *all work and no play (makes Jack a dull boy) [қ-з: play (B7)] *at work a) әсері/ ықпалы болу ♦She suspected that secret influences were at work. – Ол жасырын бір әсерлерді/ ықпалдарды сезгендей болды. b) at work (on smth) қолы бос емес, жұмыс істеп жатқан ♦He is still at work on the painting. – Ол әлі сурет салып жатыр/ салуда. ♦Danger - men at work. – Қауіп – адамдар жұмыс істеуде. *the devil makes work for idle hands (saying) іссіз адам теріс іспен айналысады дег мағ *(do smb’s) dirty work [қ-з: dirty (A6)] *get (down) to/set to work бастау, кірісу ♦We set to work on the outside of the house. – Үйдің сыртында жұмыс бастадық. ♦Let's get to work. – Іске кіріселік. *give smb the works (informal) біреуге бәрін беру/ айту *go/set about your work жұмысын істеу/ істей бастау ♦She went cheerfully about her work. – Ол жайдары (қалыппен) жұмысын істей бастады. *good works жақсы істер (яғни, қайырымдылық, жәрдем, көмек) *have your work cut out (informal) қиындыққа ұшырауы/ кезігуі мүмкін ♦You'll have your work cut out to get there by nine o'clock. – Онда сағат тоғызда жету қиын болады. *in the works (мәселе, жоба, тсс) талқылануда, (осы бойынша жұрт) пікір алмасуда (syn: in the pipeline) *a job of work [қ-з: job (6)] *make hard work of smth керегінен артық уақыт, күш жұмсау *make light work of smth шаруаны тез әрі оңай бітіру/ тындыру *make short work of smth/smb тез жеңу/ бітіру, тсс ♦Liverpool made short work of the opposition. – Ливерпул қарсыласын тез жеңді. ♦He made short work of his lunch. – Ол түскі асын тез ішті. *many hands make light work (saying) жұмыла көтерген жүк жеңіл болады дег мағ *a nasty piece of work [қ-з: nasty (5)] *nice work! [қ-з: nice (4)] *nice work if you can get it [қ-з: nice (4)] *(throw) a spanner in the works (BrE) (NAmE (throw) a (monkey) wrench in the works) [қ-з: spanner (2)] *too much like hard work [қ-з: hard (A11)] *the work of a moment, second, etc. (formal) бір минуттық/ сәттік/ секундтық іс, оп-оңай шаруа/ іс