working [ˈwɜːkɪŋ] A.adj 1.жұмыс істейтін, жұмысы/ ісі бар (syn: employed) ♦the working population – жұмыс істейтін халық working people/mothers/families – жұмыс істейтін адамдар/ аналар/ үй-ішілер (семьялар) 2.жұмысшы, еңбекші, жұмыс істейтін (яғни, ауыр жұмыс істейтін) ♦a working man – жұмысшы, еңбекші, жұмысшы/ еңбекші адам the working masses – жұмысшы/ еңбекші бұқара (рабочие массы) a TV drama about an ordinary working man – жай/ қарапайым жұмысшы (адам) жайлы теледрама 3.жұмыс(қа қатысты), еңбек(ке қатысты) ♦long working hours – ұзақ жұмыс/ еңбек күні/ уақыты poor working conditions – нашар жұмыс жағдайы I have a good working relationship with my boss. – Бастығыммен жұмыс барысында(ғы)/ бабында(ғы) қатынасым жақсы. She spent most of her working life as a teacher. – Ол еңбек жолының көп бөлігінде мұғалім болып істеді. recent changes in working practices – жұмыс жағдайындағы/ практикасындағы кейінгі өзгерістер insights into Rembrandt's working methods – Рембрандттың жұмыс тәсілдері жайлы деректер 4.жұмыс таңғы асы не жұмыс түскі асы (рабочий завтрак или рабочий обед) 5.жұмыс/ талқылау барысында қолданатын, жұмыс ♦a working theory – жұмыс бабындағы теория, жұмыс теориясы (рабочая теория) Have you decided on a working title for your thesis yet? – Жазбаңның жұмыс атауын/ уақытша атауын таңдадың ба? It's simply a working document at present. – Қазір бұл жай жұмыс документі. 6.жұмыс (тәжірибесі бар) 7. (машинаның) жұмыс істейтін, әрекет ететін (бөлшектері) 8.қажетті көпшілік (парламентте шешім шығаруға қажетті дауыстар саны) 9. (idm) *in running/working order [қ-з: order (A15)] B.n 1.жұмыс істеу, еңбек ету, істеу, шаруамен айналысу/ шұғылдану ♦Working with animals requires patience. – Мал өсіруге шыдам/ төзім керек. More businesses now offer flexible working. – Бизнестердің/ Кәсіпорындардың көбінде қазір икемді жұмыс жағдайы бар. 2. ∼ (of smth) жұмыс/ еңбек/ іс процесі, жұмыс істеу, еңбектену, әрекеттену ♦an introduction to the workings of Congress – Конгрестің жұмысымен танысу the workings of the human mind – адам есінің/ миының жұмысы the machine’s inner workings – машинаның ішкі механизмі 3. кен, көз (қазба байлықтың, минералдың) ♦A pump was used to remove water from the old workings. – Көне кеннен/ кен орнынан су(ды) шығару үшін насосты пайдаланды.