world [wɜːld] n 1. the ∼ әлем, дүние, дүние жүзі, дүниежүзі ♦a map of the world – әлем/ дүниежүзі картасы ♦French is spoken in many parts of the world. – Әлемнің көп жерлерінде французша сөйлейді. ♦in the ∼ Which is the largest city in the world? – Әлемнің ең ірі/ ең үлкен қаласы қандай/ қайсысы? ♦around/round the ∼ to sail around the world – әлемді/ дүниені айнала жүзу ♦all over the ∼ She has been all over the world. – Ол әлемнің барлық жерінде болған. ♦throughout the ∼ Their products are sold throughout the world. – Олардың өнімдері әлемнің барлық жерінде сатылады. ♦the world champion/championship/record/title – әлем чемпионы/ чемпионаты/ рекорды/ әлем чемпионы атағы ♦As of October, her world ranking was No.1. – Қазан айында(ғы) әлемдік рейтингте ол №1 болды. ♦the major world religions – әлемнің ірі/ негізгі діндері ♦the Arab world – араб дүниесі, араб елдері ♦the Western world – Батыс әлемі, Батыс дүниесі ♦the developing world – дамушы елдер, дамушы әлем ♦in the modern/ancient world – қазіргі әлем/ ежелгі дүние ♦the animal/plant/insect world – хайуанаттар/ өсімдіктер/ насекомдар (шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа) әлемі/ дүниесі) ♦the business/corporate world – бизнес әлемі/ бірлескен әлем (корпоративті әлем) ♦the art world – өнер әлемі/ дүниесі ♦the world of politics/business/sport – саясат/ бизнес/ спорт әлемі/ дүниесі ♦the world of music/art/fashion – музыка/ өнер/ сән әлемі/ дүниесі ♦the natural world – табиғат, табиғат әлемі/ дүниесі ♦the physical/material world – физикалық/ материалдық дүние/ әлем ♦the real world – нағыз/ нақты тіршілік/ өмір ♦the outside world – тысқы/ сыртқы/ басқа әлем/ дүние ♦a rapidly changing world – қауырт/ тез өзгеріп жатқан әлем ♦to save the world – әлемді құтқару/ сақтап қалу ♦the whole world – бү(т)кіл әлем 2. the ∼ өмір, тіршілік, әлем, дүние ♦monks and nuns renouncing the world – дүниеден безген монахтар мен монахинялар ♦Parents are the most important people in a child's world. – Ата- ана – бала өміріндегі ең маңызды адамдар. ♦virtual worlds – виртуалды/ онлайн/ жасанды әлемдер/ дүниелер/ шындықтар ♦a fantasy world – қиял/ фантазия әлемі/ дүниесі ♦There may be other worlds out there. – Басқа планеталарда тіршілік болуы мүмкін. ♦this world and the next – осы дүние мен о дүние 3. (idm) *be all the world to smb біреу үшін ең сүйікті адам болу; біреу үшін аса маңызды/ бағалы адам болу *be lost to the world [қ-з: lost (6)] *the best of both worlds/all possible worlds [қ-з: possible (A5)] *be worlds apart (бір-бірінен) мүлде бөлек, мүлде өзгеше/ басқаша ♦Although they are twins, they are worlds apart in their attitude to life. – Егіз болса да, олардың өмірге көзқарасы/ өмірді түсінігі мүлде бөлек. *(a) brave new world (сөзбе-сөз: өжет жаңа әлем) қоғамдағы революциялық өзгерістерден, реформалардан туындайтын жаңа заман ♦the brave new world of technology – технологияның өжет жаңа әлемі *come/go down/up in the world маңыздырақ/ маңызсыздау болу; табыстырақ/ табыссыздау болу *come into the world (literary) дүниеге келу, туылу *dead to the world терең ұйқыдағы *do smb/smth the world of good жақсы сезіндіру, көңілін көтеру, жігерлендіру; жақсарту, жетілдіру ♦A change of job would do you the world of good. – Жұмысыңды ауыстырсаң, еңсең көтеріледі. *for all the world as if/though… | for all the world like smb/smth (formal) тап бір, құдды бір, бейне бір; тап біреу/ бірдеңе сияқты ♦She behaved for all the world as if nothing unusual had happened. – Ол тап бір ештеңе болмағандай жүрді. ♦He looked for all the world like a schoolboy caught stealing apples. – Ол тап бір алма ұрлаған мектеп оқушысындай көрінді/ сезінді. *have the world at your feet «жалғанды алшаң басу», «әлем/ дүние табан астында жату», өте табысты/ қалаулы болу *how, what, who, why, etc. in the world (informal) неге (ғана), не үшін (таңғалысты, кейісті білд) ♦What in the world did they think they were doing? – Олар не істеп жүрміз деп ойлаған?/ Олар не істеп жүргендерін білмеген бе? ♦Who in the world could do such a thing? – Кім (ғана) бүйтіп істейді? *in an ideal/a perfect world [қ-з: perfect (A8)] *in the world «бұл әлемде/ дүниеде» (сөзін нығарлай айтқанда қолд) ♦There's nothing in the world I'd like more than to visit New York. – Есіл-дертім/ Арманым – Нью-Йоркті көру. ♦Don't rush - we've got all the time in the world. – Асықпа – уақытымыз мол. *(be/live) in a world of your own «өз әлемінде/ дүниесінде өмір сүру», өзімен-өзі/ өз ойымен өмір сүріп, басқа нәрселерге мән бермеу ♦I tapped on the window to get her attention but she was in a world of her own. – Терезені қағып, оны қаратпақ болым едім, ол ойға шомған күйі қалды. *it’s a small world (saying) бұл дүние/ әлем – шағын *a man/woman of the world [қ-з: man (А14)] *not the end of the world [қ-з: end (A10)] (informal) *not for (all) the world ешқашан/ ешбір жағдайда (өйтпеймін) ♦I wouldn't hurt you for the world. – Ешқашан/ Қайтсем де сені ренжітпеймін/ ренжітпек емеспін. *the… of this world (informal) осы дүниедегі/ өмірдегі/ әлемдегі ♦We all envy the Bill Gateses of this world. – Бәріміз де осы өмірдегі Билл Гейтстерді қызғанамыз/ Билл Гейтстерге қызығамыз (яғни, бай да табысты адамдарды қызғанамыз не оларға қызығамыз. *on top of the world «әлемнің шыңында/ ұшында», аса бақытты; мерейі тасыған *out of this world (informal) өте керемет/ тамаша ♦The meal was out of this world. – Ас/ Тамақ керемет (дәмді) болды. *promise (smb) the earth/moon/world [қ-з: moon (А3)] *see the world дүниені көру, ел аралау, жер кезу, саяхаттау, сапарлау ♦As a young man, he wanted to see the world before he settled down. – Жас кезінде бір жерге орнықпас бұрын ол дүниені кезгісі келді. *set the world on fire (BrE also set the world alight) (informal) өте табысты болу, жұрт құрметіне бөлену ♦He's never going to set the world on fire with his paintings. – Өзінің картиналарымен оның аты шықпақ емес. *set/put the world to rights [қ-з: right (C9)] *a/the twilight world (of something) | the twilight zone [қ-з: twilight (2)] *watch the world go by [қ-з: watch (A6)] *the way of the world [қ-з: way (A11)] *what is the world coming to? Бұл дүние не болып барады? Бұл дүние қайда барады? (таңғалысты, шошуды, қайран қалуды білд) ♦When I listen to the news these days, I sometimes wonder what the world is coming to. – Кейде жаңалықтарды тыңдағанда, өзіме-өзім, құдай-оу, бұл дүние қайда барады деп сұрақ қоямын. *with the best will in the world [қ-з: will (C5)] *(all) the world and his wife (BrE, old-fashioned, informal, humorous) әркім, бәрі (де); көп адам *a world away (from smth) мүлде басқа, салыстыруға келмейтін/ болмайтын ♦His new luxury mansion was a world away from the tiny house where he was born. – (Оның) үлде мен бүлдеге бөленген жаңа коттеджі оның өзі дүниеге келіп, өскен титтей үймен салыстыруға келмейтін еді. *the world is your oyster [қ-з: oyster (2)] *a/the world of difference (informal) үлкен айырмашылық, аса үлкен алшақтық, мүлде ♦There's a world of difference between liking someone and loving them. – Біреуді жақсы көру мен сүюдің арасы жер мен көктей. *the (whole) world over әлемнің/ дүниенің әр жерінде/ түкпірінде ♦People are basically the same the world over. – Дүниенің қай жерінде бол(ма)сын, адамдар - бірдей. ♦Scientists the world over have been waiting for this breakthrough. – Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар осы жаңалықты күтіп жүрген еді. *the worst of all (possible) worlds ең жаман/ қиын жағдай/ ахуал