worried [ˈwʌrid; NAmE ˈwɜːrid] adj 1.қобалжыған, уайымдаған, алаңдаған, қам жеген, қорыққан, үрпиген, құты қашқан ♦Don't look so worried! – Соншама уайымдамашы!/ Соншама үрпимеші! ♦∼ about smb/smth I'm not worried about her - she can take care of herself. – Оны ойлап уайымдамаймын – оның шамасы жетеді. ♦Doctors are worried about the possible spread of the disease. – Дәрігерлер ауру тарала(ды) ма деп уайымдауда. ♦∼ about doing smth People are really worried about losing their jobs. – Жұрт жұмыссыз қаламыз ба деп шынымен (де) уайымдауда. ♦∼ for smb/smth He is extremely worried for her safety. – Ол (еркек) оның (әйелдің) амандығын ойлап қатты уайымдауда. ♦I was worried for my family. – Бала-шағамды ойлап уайымдадым. ♦∼ (that)… The police are worried that the man may be armed. – Полиция әлгі/ ана кісі қарулы ма деп қорықты. ♦I was worried you wouldn't come. – Сен келмей(ді) ме деп қорықтым/ уайымдадым/ қобалжыдым. ♦Try not to get worried. – Қобалжымауға/ Қорықпауға/ Уайымдамауға тырыс. ♦She gave me a worried look. – Ол маған үрпие қарады. 2. (idm) *you had me worried (informal) сен маған уайым жегіздің, сен мені уайымдаттың/ қобалжыттың/ қорқыттың, құтымды қашырдың ♦You had me worried for a moment - I thought you were going to resign! – Мені бір сәтке қорқыттың – сені қызметінен кетеді екен десем/ кетеді екен деп ойлап қалсам.