worry [ˈwʌri; NAmE ˈwɜːri] A.v (pt, pp worried [ˈwʌrid; NAmE ˈwɜːrid]) 1.қобалжу, уайымдау, мазасыздану, алаңдау, қам жеу, қорқу, үрпию, құты қашу ♦Don't worry. We have plenty of time. – Уайымдама/ Қорықпа, уақытым көп. ♦Stop worrying, Dad - it'll be fine. – Уайымдамашы, әке – дұрыс болады. ♦∼ about smb/smth Don't worry about me. I'll be all right. – Мені уайымдама(ңыз). Бәрі дұрыс болады. ♦He's always worrying about his weight. – Ол салмағын уайымдайды да жүреді. ♦Never mind - it's nothing to worry about. – Уайымдама – бүлінетін ештеңе жоқ. ♦That's not something you need to worry about. – Бұл сен/ сіз уайымдайтын нәрсе емес. ♦∼ (that)… I worry that I won't get into college. – Колледжге түспеймін бе/ түсе алмай қаламын ба деп қорқамын. 2. қобалжыту, уайымдату, мазасыздандыру, алаңдату, қорқыту, үрпиту, құтын қашыру, қам жегізу ♦∼ smb/yourself What worries me is how I am going to get another job. – Басқа жұмысқа қалай тұратыным мені уайымдатады. ♦That prospect worried investors. – Ондай келешек/ перспектива инвесторларды үркітті. ♦∼ smb/yourself about smb/smth Don't worry yourself about it - I'll deal with it. – Бұ жайында уайымдама(ңыз) – бұны реттеймін. ♦∼ smb /yourself about smb/smth He's worried himself sick about his daughter. – Ол қызын ойлап бір тыншымады/ тағат таппады. 3.мазасын алу, мазалау, қобалжыту; кейіту, ренжіту (syn: disturb) ♦∼ smb The noise never seems to worry her. – Шу оның жүйкесіне еш тимейтін сияқты/ тимейтіндей./ Шу оның мазасын ешбір алмайтын сияқты. ♦∼ smb with smth Don't keep worrying him with a lot of silly questions. – Топас сұрақтарды үйіп-төгіп, оның мазасын алма(шы). ♦I didn't want to worry you with all the details. – Бәрін айтып мазаң(ыз)ды алғым келмеді. ♦Don't worry the driver with unnecessary requests. – Ананы, мынаны сұрап жүргізушіні мазалама. 4. ∼ smth (ит ж) малды қору, малды айдау 5. (idm) *not to worry (informal, especially BrE) уайымдайтын ештеңе жоқ, жә, жарайды, бо(лы)пты ♦Not to worry - I can soon fix it. – Жә – бұны қазір ретке/ жөнге келтіремін. ♦Not to worry - no harm done. – Жә, ешнәрсе бүлінген жоқ. 6. (phr v) *worry at smth a) (ит, тб аң ж) (сүйекті) мүжу, (етті) тістелеу, жұлмалау, жұлқылау b) (уайымдай, қобалжи) тістелеу, жұлқылау, тартқылау ♦Rebecca worried at her lip. – Ребекка уайымдап ернін тістеледі. ♦He began to worry at the knot in the cord. – Ол уайымдап түйінді жұлқылады. с) бірнәрсені қатты уайымдау/ ойлау B.n (pl worries) 1.уайым, мазасыздық; уайымдау, қобалжу, алаңдау (syn: anxiety) ♦The threat of losing their jobs is a constant source of worry to them. – Олар ылғи (да) жұмыссыз қаламыз ба деп уайымдайды. ♦A heart attack can be brought on by stress and worry. – Торығу/ Стресс пен уайым жүрек талмасына/ инфаркке душар етуі мүмкін. ♦∼ about smth Levels of worry about crime had fallen by a third. – Қылмыс деңгейі үштен бірге кеміді. ♦with ∼ to be frantic with worry – уайымдап тағат таппау ♦She couldn't sleep with worry. – Уайымдап ұйықтай алмады. 2.уайым, қайғы, уайымдататын/ қобалжытатын нәрсе ♦You need have no worries - everything's been taken care of. – Уайымдамаңыз/ Сіз уайымдайтын ешнәрсе жоқ – бәрі де бақылауда. ♦∼ about/over smth worries about the future – болашақ жайлы уайым ♦∼ about/over doing smth She expressed some worries about working with him. – Ол (әйел) онымен (еркекпен) бірге жұмыс істеуге қатысты уайымын айтты/ білдірді. ♦∼ for/to smb Mugging is a real worry for many old people. – Қарттар өздерін біреулер ұрып-соға(ды) ма деп қорқады. ♦My only worry is that… - Жалғыз уайымым... ♦money/financial worries – ақшалай қиындықтар/ мәселелер 3. (idm) *no worries! (informal) бәрі дұрыс, ешбір мәселе/ проблема жоқ, еш қиындық жоқ ♦No worries - there's plenty of time. – Жә, уақыт жетеді.