worse [wɜːs] A.adj comparative of bad 1. (одан да) жаман/ нашар; жайсыз ♦The rooms were awful and the food was worse. – Бөлмелер – жаман, тамақ/ ас өте нашар болды. ♦The weather got worse during the day. – Бір күннің ішінде ауа райы бұзылып кетті. ♦I've been to far worse places. – Өте жаман жерлерде болғанмын. 2.ауыр, жаман, нашарлай түскен ♦They were trying to prevent an even worse tragedy. – Олар одан да бетер/ жаман трагедияның/ апаттың алдын алуға тырысып жатқан. ♦The crisis was getting worse and worse. – Кризис/ Дағдарыс одан әрі ушығып бара жатқан еді./ Кризис ушыққан үстіне ушығып бара жатқан еді. ♦Don't tell her that - you'll only make things worse. – Оны оған айтпа – мәселені асқындырып жібересің. ♦Could things get any worse? – Жағдайдың бұдан да асқынуы/ ушығуы мүмкін бе еді? ♦Never mind - it could be worse. – Жә, бұдан да жаман болар еді. ♦∼ than (doing) smth The situation was worse than he had imagined. – Жағдай ол ойлағаннан да жаман екен/ еді. 3.қатты ауырған; (тіпті) бақытсыз, тсс ♦If he gets any worse, we'll call the doctor. – Жағдайы нашарлай түссе, дәрігерді шақырамыз. ♦∼ than… He told her she'd let them down and she felt worse than ever. – Ол (еркек) оған (әйелге) оларға қол ұшын бермедің дегенде, ол (әйел) өзін мүлде жаман сезінді. ♦She seems worse than she was yesterday. – Халі кешегіден де нашарлай түскен сияқты. 4. (idm) *somebody’s bark is worse than their bite (informal) «біреудің үргені/ арсылы қапқанынан жаман», біреу ашулана/ ызалана сөйлегенмен, артында зілі/ жаман пейілі жоқ *come off worse жеңілу, ұтылу *a fate worse than death [қ-з: fate (3)] *go from bad to worse (жағдай, ахуал, күй ж) асқыну, ушығу, нашарлау, тіптен жаман болып кету *worse luck! [қ-з: luck (А3)] B.adv comparative of badly 1.нашарлау, (біреуден/ бірнәрседен) жаман ♦Working-class children fared rather worse. – Жұмысшылардың балалары нашарлау үлгерім көрсетті. ♦∼ than smb/smth They are performing much worse than their counterparts at competitor firms. – Олар бәсекелес фирмадағы өздерінің әріптестерінен нашар істеуде. 2.қаттырақ, ауырырақ, көбірек, тсс ♦∼ than smb/smth It's raining worse than ever. – Жауын әдеттегіден қатты жауып тұр. ♦These workers were treated worse than animals. – Бұл жұмысшыларға аңнан жаман қараған./ Бұл жұмысшыларды аң құрлы көрмеген. 3.тіпті жаман/ ауыр, тсс, одан да жаман, тсс ♦My cooking’s even worse than yours. – Тамақты сенен де жаман пісіремін. 4. (idm) *be worse off (than smb/smth) бұрынғыдан да жаман, біреуден/ бірнәрседен де жаман ♦The increase in taxes means that we'll be £30 a month worse off than before. – Салық өссе, табысымыз айына £30 азаяды деген сөз. ♦I've only brusied my arm; other people are far worse off than me. – Қолымды ғана көгерттім; басқаларының халі менен әлдеқайда қиын. *you can/could do worse than do smth бірнәрсе жақсы ой/ идея/ ұсыныс дег мағ ♦If you want a safe investment, you could do a lot worse than put your money in a building society. – Құрылыс қоғамына инвестициялаған басқалай істегеннен жақсы. ♦He could do worse than marry Eleanor. – Элеанорға оның үйленгені басқалай еткеннен жақсы. C.n 1.көбірек қиындық; жаман/ нашар хабар ♦I'm afraid there is worse to come. – Бұдан да жаман болады-ау/ болар-ау деп қорқамын. ♦McPherson was sent off for a tackle on Mendes. Worse followed when Yardley gave Saints the lead. – МакФерсон Мендесті қате шалғаны үшін алаңнан қуылды. Жағдай асқынып, қарсы команда гол салды. 2. (idm) *be none the worse (for smth) бірнәрседен зиян/ зардап шекпеу, жараланбау, тсс ♦She seemed none the worse for her night out in the cold. – Кешке суықта жүрсе де, оған суық тимеді. *a change for the better/worse бұрынғыдан жақсы/ жаман адам/ нәрсе/ жағдай ♦Voters see the new leader as a change for the better. – Сайлаушылар жаңа жетекшіні/ лидерді оң өзгеріс деп бағалайды. ♦I reckon we've all made a big change for the better. – Бәріміз де жағдайды бұрынғыға қарағанда көп жақсарттық деп ойлаймын. ♦His family had detected a change for the worse in his behaviour. – Үй-іші оның бойынан бір теріс өзгерісті байқады. *for better or (for) worse жақсы ма, жаман ба, енді ештеңе өзгерту қиын, жақсы болса да, жаман болса да, бары осы *so much the better/worse тіптен/ одан да жақсы/ жаман ♦We don't actually need it on Tuesday, but if it arrives by then, so much the better. – Сейсенбіге дейін бұл бізге қажет емес, алайда бұл сол кезге дейін келсе, тіпті жақсы. ♦If hurricanes become more powerful, as current research suggests, so much the worse. – Дауылдар бұдан да қатты бола түссе, қазіргі зерттеулер болжағандай, жағдай тіптен жаман бола түседі. *the worse for wear [қ-з: wear (B5)]