worship [ˈwɜːʃɪp] A.n 1.құдайға құлшылық ету, құдайға табыну/ сыйыну, дұға/ мінәжат оқу, намаз оқу ♦an act of worship - құдайға сыйыну ♦a place of worship –мінәжат орны ♦morning/evening worship – таңғы/ кешкі шіркеу қызметі (яғни, шіркеуде дұға оқу) ♦The tradition of ancestor worship stretches back thousands of years. – Ата-бабаға сыйыну – талай мың жылғы дәстүр. ♦(ауысп мағ) What she feels for him is akin to worship. – Ол (әйел) оны (еркекті) пір тұтады./ Ол оны құдайдай көреді. 2. His, Your, etc. Worship (BrE, formal) қадірлі, ардақты (магистрге не мэрге қарата құрмет көрсете айту) B.v 1. ∼ smb/smth құдайға құлшылық ету, құдайға табыну/ сыйыну, дұға/ мінәжат оқу, намаз оқу ♦The Mayans built jungle pyramids to worship their gods. – Майялар/ Майялықтар құдайларына арнап ну орман ішінде пирамидалар салған. 2. (мешітте, шіркеуде, тб діни орындарда) дұға/ мінәжат бағыштау/ оқу, намаз оқу, сыйыну ♦We worship at St Mary's. – Әулие Мәриям шіркеуінде дұға оқимыз. ♦He worshipped at the local mosque. – Ол жергілікті мешітте намаз оқыды/ оқитын. 3. ∼ smb/smth біреуді пір тұту, біреуді құдайдай көру, біреуге табыну, өте жақсы көру ♦She worships her children. – Оның есіл-дерті – өз балалары./ Ол балалары десе, ішкен асын жерге қояды. ♦He worshipped her from afar. – Ол (еркек) оны (әйелді) сырттай сүйетін. ♦She worships the ground he walks on. – Ол (әйел) оның (еркектің) басқан жеріне сыйынады./ Ол оны пір тұтады.