worst [wɜːst] A.adj superlative of bad 1.ең/ тіпті жаман, ең/ тіпті нашар ♦It was by far the worst speech he had ever made. – Бұл оның сөйлеген сөздерінің ішіндегі ең нашары еді. ♦It's not the worst idea I've ever heard. – Бұл мен естіген идеялардың/ ойлардың тіпті де жаманы/ нашары емес. ♦What's the worst thing that could happen? – Қандай өте жаман нәрсе болуы мүмкін? ♦What she said confirmed my worst fears. – Оның айтқандары менің соншама шошып жүрген нәрселерімді растады. ♦This is every parent's worst nightmare. – Бұндайды ешбір ата-ананың басына салмасын/ бермесін. 2. (idm) *be your own worst enemy өз-өзіне қас жау болу, өз басына сақина тілеп алу, өз-өзіне жамандық істеу ♦Her indecisiveness makes her her own worst enemy. – Ол кібіртіктеп/ жүрексініп, өзіне соншама жамандық істейді. *come off worst оңбай ұтылу/ жеңілу B.adv superlative of badly ең жаман, өте жаман/ нашар ♦Manufacturing industry was worst affected by the fuel shortage. – Жанармайдың тапшылығы өнім өндіру индустриясына сор болып тиді. ♦Singapore has been among the countries worst hit by the virus. – Сингапур вирустан өте зардап шеккен елдердің арасында болды. ♦Worst of all, I lost the watch my father had given me. – Ең жаманы, әкем сыйлаған сағатты жоғалтып алдым. C.n 1. the worst ең жаман/ нашар нәрсе/ жайт, тб ♦When they did not hear from her, they feared the worst. – Одан хабар болмағанда, олар шошып кетті. ♦Although all the votes have not yet been counted, the party is preparing for the worst. – Барлық дауыс әлі саналып бітпесе де, партия ең нашар нәтижеге әзірленуде/ даярлануда. ♦This is politics at its worst. – Бұл – ең жаман саясат. ♦If the worst happens, at least you're prepared. – Өте бір жаман нәрсе бола қалса, ең болмаса, сен әзірсің. ♦The worst of the storm was over. – Дауылдың ең жаман кезеңі өтті. 2. (idm) *at (the) worst ең жаман дегенде, ең жаман жағдайда; ары кетсе ♦At the very worst, he'll have to pay a fine. – Ары кетсе/ Ең жаман дегенде, ол айыппұл/ штраф төлейді. ♦At worst this may mean the end of her playing career. – Өте жаман жағдайда, оның ойын карьерасы тәмам болады. ♦At worst, the drug can be fatal. – Ең жаман жағдайда, (бұл) есірткі өмірді қиюы мүмкін. *bring out the worst in somebody жаман қасиеттерін/ мінездерін көрсету/ білдіру ♦Pressure can bring out the worst in people. – Қатты қиналғанда, адамдардың жаман қасиеттері білінеді. *do your worst (кісі ж) өте зиян шектіру, зардабы өте көп болу *get the worst of it жеңілу, ұтылу ♦He'd been in a fight and had obviously got the worst of it. – Ол төбелесіп, қатты таяқ жегенге ұқсайды. *if the worst comes to the worst (NAmE also if worst comes to worst) жағдай тым қиындап/ қауіпті болып кетсе ♦If the worst comes to the worst, we'll just have to sell the house. – Жағдай тым қиындап кетсе, үйді сатуымыз керек болады. *the worst of all (possible) worlds [қ-з: world (3)] D.v (old-fashioned or formal) ұту, жеңу (syn: get the better of) ¨be worsted (by smb) (in smth) She couldn't bear to be worsted in a fight. – Төбелесте ұтылғанға/ ұтылуға оның жан-тәні шыдамады.