worth [wɜːθ] A.adj 1. ∼ smth бағасы/ құны пәлендей/ пәлен теңге болатын. ♦Our house is worth about £100 000. – Үйіміз(дің құны) шамамен £100 000 болады. How much is this painting worth? – Картина қанша тұрады? to be worth a fortune – өте қымбат болу It isn't worth much. – Бұл онша/ пәлендей қымбат емес.If you answer this question correctly, it's worth five points. – Жауапқа дұрыс жауап берсең(із), бес ұпай болады/ аласың(ыз). This order is potentially worth millions of pounds to the company. – Бұл заказ/ тапсырыс компанияға шамамен миллиондаған фунт әкеледі. 2. (бірнәрсе істеуге) лайықты, тұратын, жөн, дұрыс, орынды, татырлық, ақтарлық ♦∼ smth The museum is certainly worth a visit. – Музейге бару керек (себебі, қызықты)./ Музей – өте қызық, сондықтан оған барған жөн/ дұрыс. ♦∼ doing smth This idea is well worth considering. – Идея/ Ой қарастыруға тұрарлық екен. It's so unimportant it's hardly worth mentioning. – Бұл бір ұсақ-түйек нәрсе, о жайлы айтудың да керегі шамалы. It's always worth paying the extra £3 for next-day delivery. – Үш фунт төлесе, келесі күні әкеліп береді. ♦∼ smth Was it worth the effort? – Талпыныс/ Әрекет өзін-өзі ақтады ма?/ Талпынысқа татырлық нәтиже болды ма? The new house really wasn't worth all the expense involved. – Жаңа үй құнына шынымен (де) татымады./ Жаңа үй құнын ақтай қоймады./ Жаңа үйдің құны жөнсіз қымбат болып шықты. The job involves a lot of hard work but it's worth it. – Жаңа жұмыста ауыр іс көп, алайда істің жөні/ мәнісі сол. The trip was expensive but it was worth every penny. – Сапар қымбат болды, алайда құнына татырлық. ♦∼ doing smth The film is definitely worth seeing. – Фильмді көрген - дұрыс/ көрсе болады. 3. ∼ smth (кісі ж) байлығы/ дүние-мүлкі пәлендей болу ♦He's worth £10 million. – Оның дүние-мүлкі £10 млн болады. 4. (idm) *a bird in the hand is worth two in the bush ​(saying) (сөзбе сөз:) қолдағы бір құс тоғайдағы екеуден артық, қолда бар дүниені қадірлей білу керек *for all somebody/it is worth ​батыл, бел шеше, бар күшін сала ♦He was rowing for all he was worth. – Ол ескекті барынша есіп отырды. She is milking her success for all it's worth. – Ол (өз) табысының пайдасын барынша көруге тырысуда. *for what it’s worth ​(informal) бұл менің өз пікірім ғана; қолда бар дерек осы (ғана) ♦I prefer this colour, for what it's worth. – Осы реңді/ түсті ұнатамын, айтарым осы.Here’s the list of names, for what it’s worth. – Қолда бар адамдардың тізімі осы (ғана). *more than your job’s worth (to do something) [қ-з: job (6)] *(the game is) not worth the candle ​(old-fashioned, saying) талпыныс/ әрекет өзін-өзі ақтамайды, бос әурешілік ♦If the price goes up again, he may decide that the game’s not worth the candle. – Баға қайта өссе, ол құры әуреленіп қайтем деуі мүмкін. *not worth the paper it’s written/printed on [қ-з: paper (A9)] *worth your/its salt [қ-з: salt (A4)] *worth your/its weight in gold [қ-з: weight (A8)] *worth somebody’s while [қ-з: while (B2)] B.n 1. ten dollars’, £40, etc. worth of smth он доллар болатын, қырық фунт болатын, тб ♦The winner will receive fifty pounds' worth of books. – Жеңімпаз құны елу фунт болатын кітаптарды сыйға алады. The floods caused tens of millions of pounds' worth of damage. – Тасқын (су) миллиондаған фунт зиян/ зардап шектірді. a dollar’s worth of change – құны бір доллар болатын тиын-тебен 2. a week’s, month’s, etc. worth of smth бір аптаға/ бір айға, тб созылатын нәрсе 3.пайдалы/ құнды нәрсе/ іс/ практика, тб ♦Their contribution was of great worth. – Олар көп үлес қосты. The activities help children to develop a sense of their own worth. – Бұл жаттығулар балалардың өзіне деген сенімін арттырады. A good interview enables candidates to prove their worth. – Интервью жақсы болса, кандидаттар өз қасиеттерін таныта алады. 4. (idm) *get your money’s worth ​to [қ-з: money (4)] *put in your two cents’ worth (NAmE) (BrE put in your two pennyworthput in your two penn’orth) ​(informal) ақылсу, ақылгөйсу, ешкім сұрамаса да ақыл айту