wound 1 [wuːnd] A.n 1.жара, жарақат ♦a gunshot/stab wound – оқтан болған/ пышақтан болған жара(қат), оқтан/ пышақтан жаралану ♦a bullet/knife/shrapnel wound – оқтан/ пышақтан/ жарықшақтан (бомбаның) болған жара(қат), оқ тиіп/ пышақтан/ жарықшақ тиіп жаралану ♦a head/leg wound – бастың/ аяқтың жаралануы/ жарақаттануы ♦an old war wound – көне/ ескі соғыс жарасы ♦The nurse cleaned the wound. – Медбике/ Медбауыр жараны тазалады. ♦The wound healed slowly. – Жара баяу жазылды. ♦He died of his wounds. – Ол жарасынан/ жараларынан өлді. ♦∼ to smth He suffered a fatal wound to the abdomen. – Ол ішінен/ құрсағынан өлімші болып жараланды. ♦He died from the wounds he had received to his chest. – Оның кеудесі жараланып, өлді. 2. жан жарасы, сезім жарасы, намыс жарасы, (санаға түскен) жара, жарақат ♦Seeing him again opened up old wounds. – Оны қайта көріп, көне жан жарасы(ның аузы) қайта ашылды. ♦They say that time heals all wounds. – Уақыт барлық жан жарасын емдейді дейді. 3. (idm) *lick your wounds [қ-з: lick (A5)] *reopen old wounds [қ-з: reopen (3)] *rub salt into the wound | rub salt into somebody’s wounds [қ-з: rub (A5)] B.v 1. ∼ smb/smth жаралау, жарақаттау; жаралану, жарақаттану, жарақат алу ♦He had been wounded in the arm. – Оның қолы жараладнды. ♦The driver was seriously wounded in the shooting. – Атыста/ Атыс кезінде жүргізуші ауыр жараланды. ♦Two soldiers were wounded in yesterday's fighting. – Кешегі (қарулы) қақтығыста екі солдат/ жауынгер жараланды/ жараланған. ♦She was fatally wounded in the attack. – Шабуылда ол өлімші болып жараланған. 2. ∼ smb/smth жанын/ сезімін жаралау/ жарақаттау, намысына тию, абыройын қорлау ¨She had been deeply wounded by his remarks. – Оның (еркектің) сөздері оның (әйелдің) жанына батып кетті/ оның жанын жаралады. ♦Friends say he has been wounded by the criticism. – Достары сын оған қатты тиді дейді. ♦Their indifference wounded him. – Олардың ықпалы оған қатты тиді. ♦You wounded his pride. – Оның намысына тидің. ♦It seemed to me I had wounded her ego. – Оның намысына тиген сияқтымын.
wound 2 [waʊnd] v pt, pp of wind 2(B)