wrap [ræp] A.v 1. орау ♦∼ smth up He spent the evening wrapping up the Christmas presents. – Ол кеш бойы рождестволық тартуларды/ сыйлықтарды ораумен болды. ♦∼ smth individually wrapped chocolates – жеке-жеке ораған шоколадтар ♦∼ smth in smth Each apple was wrapped in paper. – Әр алманы қағазға ораған. ♦∼ smth up in smth fish and chips wrapped up in newspaper – газетке ораған фіш әнд чіпс/ балық пен картошка-фри ♦∼ A in B Wrap the meat in foil before you cook it. – Пісірмес бұрын етті фольгаға ора. ♦∼ A up in B I wrapped the baby up in a blanket. – Сәбиді көрпеге орадым. ♦∼ yourself up in smth She wrapped herself up in a long shawl. – Ол өзін үлкен шәліге орады. ♦∼ B round/around A I wrapped a blanket around the baby. – Сәбиді көрпеге орадым. 2. ∼ smth around/round smth/smb орау, таңу, байлау ♦A scarf was wrapped around his neck. – Мойнын шарфпен орапты. ♦The nurse wrapped a bandage tightly around my ankle. – Медбике/ Медбауыр тобығымды айналдыра мықтап таңды. ♦(ауысп мағ) His arms were wrapped around her waist. – Ол (жігіт) оның (қыздың) белін айналдыра құшақтады. ♦She's got a towel wrapped around her head. – Ол басын сүлгімен орап алды/ орады. 3. (computing) (жазуды келесі жолға) тасымалдау ♦∼ (around/round) The text wraps around if it is too long to fit the screen. – Мониторға сыймаса, текст тасымалданады. 4. (idm) *be wrapped up in smb/smth бірнәрсеге қатты көңіл бөліп, басқа нәрселерді ұмыту (syn: absorbed, engrossed) ♦They are completely wrapped up in their children. – Олар тек балаларымен ғана айналысады. ♦She was so wrapped up in her work that she didn’t realize how late it was. – Жұмысына берілгені соншама, қалай кеш болғанын байқамады. *wrap/twist/wind smb around your little finger [қ-з: twist (A12)] 5. (phr v) *wrap up | wrap it up (informal) тыныштал, сөйлеме, тоқта дег мағ *wrap up | wrap smb/yourself up жылы киіну ♦She told them to wrap up warm/warmly. – Ол оларға жылы киініңдер деді. *wrap smth up (informal) ойдағыдай бітіру/ тындыру ♦That just about wraps it up for today. – Сонымен бүгінгі шаруа бітеді. B.n 1.жамылғы, орама (әйелдердің иығына жамылатын мата; көйлектің сыртынан киетін кеудеше) ♦a cashmere wrap – кашмир жамылғы ♦a beach wrap – пляжға арналған жамылғы 2.орама, заттарды орайтын нәрсе ♦a gift wrap – сыйлық орайтын нәрсе, орама қағаз ♦a bubble wrap – көпіршікті орама (упаковочная пленка с пузырьками) 3. (фильм түсіргенде) кадрді/ көріністі түсіру бітті (дегенді білдіреді) ♦Cut! That's a wrap. – Үз/ Тоқтат! Түсіру бітті. 4.орама (сәндуич/ сэндвич) 5. (also skin) (электрон құралдарға арналған) қап ♦These are vinyl wraps that cover your entire phone with one thin sheath. – Бұлар - бүткіл телефонды бір жіңішке парақпен тұтас жабатын винил қаптар. 6. (idm) *under wraps (informal) жасырын, құпия ♦Next year's collection is still being kept under wraps. – Келесі жылдың коллекциясын әлі ешкім көрген жоқ.