wreck [rek] A.n 1.суға батқан/ батып кеткен/ шөккен кеме; қираған кеме; кеме қирандысы ♦They're going to try and raise the wreck from the seabed. – Олар теңіз түбінен суға батқан кемені көтеріп көрмекші. 2.қираған машина/ самолет, тб, машина/ самолет, тб қирандысы ♦Two passengers are still trapped in the wreck. – Екі жолаушы әлі қирандыға қамалып қалған. ♦She was pulled from the burning wreck by firefighters. – Оны жанып жатқан қирандыдан өрт сөндірушілер сүйреп шығарды. ♦(ауысп мағ) Physically, I was a total wreck. – Шаршап, денемді көтере алмай қалдым. ♦(ауысп мағ) The experience left her an emotional wreck. – Бұл оқиға оның жан-дүниесін тып-типыл етті. ♦(ауысп мағ) The interview reduced him to a nervous wreck. – Интервью/ Сұхбат кезінде оның құты қашып, үрпиді де қалды. ♦(ауысп мағ) The house was a wreck when we bought it. – Сатып алғанымызда үй қаусап/ қирайын деп тұрған. ♦(ауысп мағ) They still hoped to salvage something from the wreck of their marriage. – Күл-талқан болған некесінен олар әлі де дұрыс бір нәрсе сақтап қалғысы келді. 3. (NAmE) (also crash) соқтығысу, соғысу, түйісу, қағысу, жол оқиғасы/ апаты (көліктердің өзара соқтығысуы, сөйтіп қирауы, тб) ♦a car/train wreck – көлік оқиғасы/ пойыз апаты B.v 1. ∼ smth бүлдіру, бұзу; қирату, құрту, жою, талқандау ♦A bomb completely wrecked the building. – Бомба үй-жайдың быт-шытын шығарды. ♦The road was littered with wrecked cars. – Жолда қираған машиналар шашырап жатты. ♦youths who steal and wreck fast cars – шапшаң машиналарды ұрлап, қирататын жастар ♦(ауысп мағ) The weather wrecked all our plans. – Ауа райы жоспарымыздың быт-шытын шығарды. ♦(ауысп мағ) A serious injury nearly wrecked his career. – Ауыр жарақаттанып, ол карьерасын тоқтата жаздады/ жұмысын мүлде қоя жаздады. 2. (кеме ж) (суға) батып кету, бату, шөгу; қирау, қирап жарамай қалу ♦be wrecked The ship was wrecked off the coast of France. – Кеме Францияның жағалауында қираған/ батқан.