write [raɪt] v (pt wrote [rəʊt], pp written [ˈrɪtn]) 1. (хат, жазу, тб) жазу ♦In some countries children don't start learning to read and write until they are six. – Кейбір елдерде балалар алтыға толғанша оқып, жазып үйренбейді. in smth Please write in pen on both sides of the paper. – Қағаздың екі жағынан да қаламмен жазшы/ жазыңыз(шы). ♦∼ with smth I haven't got anything to write with. – Жазатын/ Жазар қаламым жоқ. ♦∼ smth Write your name at the top of the paper. – Қағаздың үстіне/ жоғарғы жағына атыңызды жазыңыз. The teacher wrote the answers on the board. – Мұғалім жауаптарды тақтаға жазды. The ‘b’ had been wrongly written as a ‘d’. - ‘b’-ді ‘d’ деп қате жазған. ♦∼ smth to write a novel/song/computer program – роман/ ән/ комп-к программа жазу to write an article/essay – мақала/ эссе жазу Which opera did Verdi write first? – Қай операны/ Қай операсын Верди бірінші жазды? The text is very well written. – Текст өте жақсы жазылыпты. for smth He writes for the ‘New Yorker’. – Ол «Нью-Йоркер» (басылымы) үшін (мақала, тб) жазады. No decision has been made at the time of writing. – Осы мақала (тб) жазылып жатқан кезде әлі еш шешім шықпаған еді/ шықпады. Bye! Don't forget to write. – Жақсы онда/ Сау бол, (хат) жазуды ұмытпа. I'm writing to enquire about language courses. – (Мен) тіл курстары жайлы білгім келіп жазып отырмын. ♦∼ to smb She wrote to him in France. – Ол оған Францияда жазыпты. ♦∼ smb (NAmE) Write me while you're away. – Тыста жүргеніңде маған жаз. ♦∼ doing smth They wrote thanking us for the present. – Олар сыйлыққа/ тартуға рахмет айтып (хат) жазыпты. ♦∼ that… The author writes that this theory has now been disproved. – Автор қазір осы теорияның терістелгенін/ жоққа шығарылғанын жазады. ♦∼ of smth Ancient historians wrote of a lost continent beneath the ocean. – Ежелгі тарихшылар мұхит астына батып кеткен құрлық/ континент жайлы жазған. She wrote of her life in Africa. – Ол өзінің Африкадағы өмірі жайлы жазған/ жазды. ♦∼ smth (out) to write (out) a cheque – чек жазу ♦∼ smb smth The doctor wrote her a prescription for more antibiotics. – Дәрігер оған көбірек антибиотикке рецепт жазды. This pen won't write. – Мына қалам жазбайды. 2. (idm) *be written all over smb’s face ​(сезім ж) «бетінде/ жүзінде жазылу», бет-жүзінен сезімі көрініп тұру ♦Guilt was written all over his face. – Бет-жүзінен кінә сезімі көрініп тұрды. *have smth/smb written all over it/smb ​(informal) белгілі бір сапаны/ қасиетті/ жайтты (фактіні) анық көрсету ♦It was a performance with star quality written all over it. – Бұл бір керемет орындау болды.This awful film has ‘career-killer’ written all over it for the actors involved. – Бұл масқара фильм онда ойнаған актерлердің карьерасына теріс әсер етпек/ етті. *nothing (much) to write home about ​(informal) пәлендей жақсы емес, әшейін, жай ♦The team’s performance was nothing to write home about. – Команданың ойыны/ әрекеті пәлендей жақсы болмады. *not worth the paper it’s written/printed on [қ-з: paper (A9)] *that’s all she wrote (NAmE, informal) басқа айтар ештеңе жоқ; қолдан келер амал/ шара жоқ; бары - осы ♦We were doing well but we ran out of money and that’s all she wrote. – Жақсы(-ақ) істеп жатқанбыз/ Тірлігіміз тәуір(-ақ) еді, алайда ақшамыз таусылды – бары - осы/ бар айтарымыз - осы. 3. (phr v) *write away/off (to smb/smth) (for smth) [қ-з: write off/away (to smb/smth) (for smth)] *write back (to smb) ​жауап хат жазу, хатпен/ имейлмен жауап беру (syn: reply) ♦I'm afraid I never wrote back. – Еш жауап жазбадым-ау деймін./ Еш жауап жазбадым ба деп қорқамын. She wrote back saying that she couldn't come. – Ол келе алмаймын деп жауап жазды. She wrote back to him the next day. – Ол (әйел) оған (еркекке) келесі күні жауап жазды. *write smth down a) (қағазға, тб) жазып алу, (қаламмен) түртіп алу ♦Write down the address before you forget it. – Ұмытпай тұрғанда адресті жазып ал/ түртіп ал. I'd better write this down, otherwise I'll forget it. – Жазып алайын, әйтпесе ұмытып кетемін/ қаламын. b) (business) компания активтерінің құнын/ бағасын азайту/ азайтып көрсету, арзанда(т)у ♦All stock over six months old was written down to 50%. – Алты айдан асқан қорлардың/ активтердің құнын 50%-ке азайтты. the written-down value of the stock – қордың/ активтің арзандаған құны *write in (to smb/smth) (for smth/to do smth)​ (ұйымға, компанияға, тб) бірнәрсе сұрай жазу, пікір сұрай жазу ♦I'll write in for more information. – Көбірек информация/ мәлімет сұрай жазамын. She wrote in to the BBC to complain. – Ол ВВС-ге шағымданып (хат) жазды. *write smb/smth in (NAmE, politics) сайлау қағазына сайлауға түспеген/ қатыспаған саясаткердің аты-жөнін жазу (сөйтіп соған дауыс беру) ♦The campaign to write in Johnson for governor failed. – Джонсонды губернаторлыққа бейресми сайлау науқаны/ кампаниясы сәтсіз болды. *write smth into smth ​ережені/ шартты контрактіге енгізу ♦A penalty clause was written into the contract. – Контрактіге айыппұл/ штраф бабы/ пункті енгізілді. He had an extra clause written into his contract. – Контрактісіне ол қосымша тарау (глава) енгізді. *write off/away (to smb/smth) (for smth) ұйымға, компанияға жазып, бірнәрсе жіберуін/ жолдауын өтіну ​(syn: send off (for smth)) ♦I've written off for the catalogue. – Каталог сұрап (хат) жаздым. He decided to write off for the brochure. – Ол брошюра сұрап жазуға ұйғарды. *write smth off a) ​(business) қарызды кешіру (списывать долг); бірнәрсені сәтсіз деп тану, құны жоқ деп тану, есептен шығару (списывать) ♦to write off a debt/an investment – қарызды кешіру (есептен шығару)/ инвестицияны есептен шығару b) (BrE) көлікті жөнделместей етіп бүлдіру/ қирату ♦He’s written off two cars this year. – Биыл ол екі машинаны құртты/ қиратты. *write smb/smth off (as smth) сәтсіз/ жарамсыз деп тану, көңіл бөлуге лайықты емес деп тану, «есептен шығару» (syn: dismiss) ♦Don't write me off as a failure just because of that one time when things didn't go right. – Істің бір рет ақсағанына/ сүрінгеніне бола мені есептен шығармаң(ыз)дар/ менің қолымнан ештеңе келмейді деп ойламаң(ыз)дар. *write smth out ​егжей-тегжейлі/ тәптіштей жазу *write smb out (of smth) ​(телерадиодағы) сериалдан кейіпкерді/ образды қысқарту/ алып тастау ♦She was written out after 20 years in the role. – Жиырма жыл ойнаған соң, оның рөлі қысқар(тыл)ды. *write smth up ​егжей-тегжейлі/ тәптіштей жазу to write up your notes/the minutes of a meeting – жиналыс барысын тәптіштей жазу They had to do a survey of the island and write up their findings. – Олардың аралды зерттеп, жан-жақты жазуы керек болды.