wrong [rɒŋ] A.adj 1.қате, теріс, дұрыс емес, кері, жаңылыс (opp: right) ♦I got all the answers wrong. – Бәріне/ Барлық сұраққа қате жауап беріптім./ Бәрін қате ұғыптым. He was driving on the wrong side of the road. – Ол жолдың теріс жағында (көлік) айдаған. Sorry, I must have dialled the wrong number. – Ғафу етіңіз, (телефон) номерді қате терген болармын. You're holding the camera the wrong way up! – Камераны теріс ұстап тұрсың!/ Камераның астын үстіне қарата ұстап тұрсың! That picture is the wrong way round. – Ана сурет теріс ілініпті./ Ана суреттің асты үстіне қарата ілініпті. I soon realised I'd taken a wrong turn. – Біраздан соң қате бұрылғанымды ұқтым. He got all his calculations wrong. – Ол бәрін қате есептепті. The information is just plain wrong. – Информация - әшейін қате. 2.қателескен, жаңылған, қате/ теріс істеген/ жасаған, дұрыс істемеген/ жасамаған (syn: mistaken) ♦I think she lives at number 44, but I could be wrong. – Меніңше, ол 44-інші бөлмеде/ пәтерде тұратын болар, алайда жаңылуым/ қателесуім де мүмкін. ♦∼ about smth/smb You were wrong about Tom; he's not married after all. – Том жайлы білмей айтып тұрсың(ыз); ол тіпті де үйленбеген. ♦∼ to do smth We were wrong to assume that she'd agree. – Ол (әйел) келіседі деп қате ұғыппыз/ жаңылыппыз. She would prove him wrong whatever happened. – Не болса да, ол (әйел) оның (еркектің) қателескенін/ жаңылғанын дәлелдеді. ♦(informal) Correct me if I'm wrong but didn't you say you two knew each other? – Қателессем/ Жаңылсам (мені) түзерсің(із), бірақ екеуің/ екеуңіз бір-бірің(із)ді білеміз деп айтқан емес пе едің(із)? ♦(informal) If you think I'm happy, you're dead wrong. – Мені мәз деп ойласаң, мүлде қателесесің. 3.қиын, қиындық туғызатын, кілтипаны/ ақауы бар, проблема жасайтын/ тудыратын, қинайтын, теріс (жағдай) ♦Is anything wrong? You look worried. – Бірдеңе болып қалды ма? Қобалжып тұрған сияқтысың. ‘What's wrong?’ ‘Oh, nothing.’ – «Не болды?/ Не болып қалды?» «Жә, ештеңе!» ♦∼ with smb/smth There's something wrong with the printer. – Осы принтердің бір ақауы/ кілтипаны бар. I have something wrong with my foot. – Аяғымның/ Табанымның бір ақауы/ кілтипаны бар. The doctor could find nothing wrong with him. – Дәрігер одан ешбір сырқат/ дерт/ ауру/ ақау таппады. 4.дұрыс емес, лайық(ты) емес; қате, теріс, кері, жаңылған, жаңылыс ♦∼ smth for smth He's the wrong person for the job. – Ол бұл жұмысқа лайық(ты) емес. ♦∼ for smth She's simply wrong for this job. – Ол жай/ әшейін бұл жұмысқа лайық(ты) емес. ♦∼ smth to do I realized that it was the wrong thing to say. – Дұрыс айтпағанымды ұқтым/ аңғардым. Most people think that the country is heading in the wrong direction. – Көп(теген) адам ел қате бағытта кетіп барады деп ойлайды. It was his bad luck to be in the wrong place at the wrong time. – Болмайтын уақытта болмайтын жерде болып оның жолы болмады. We don't want this document falling into the wrong hands. – Бұл документтің басқа біреулердің қолына түскенін қаламаймыз. She's all wrong for you. – Ол (қыз) саған мүлде лайық(ты) емес. 5.дұрыс емес, теріс, қате, әдепсіз, арсыз, ұят ♦This man has done nothing wrong. – Бұл кісі теріс ештеңе істеген жоқ. ♦∼ to do smth It is wrong to tell lies. – Өтірік/ Жалған айту/ айтқан – дұрыс емес. ♦∼ of smb (to do smth) It was wrong of me to get so angry. – Сонша(ма) ашуланғаным дұрыс болмапты. ♦∼ with doing smth What's wrong with eating meat? – Ет жегеннің несі айып/ дұрыс емес?/ Ет жегенде тұрған не бар? 6. (idm) *back the wrong horse (BrE) «қате жылқыға/ атқа бәс тігу», сәтсіз/ табыссыз адамды не нәрсені қолдау *be barking up the wrong tree [қ-з: bark 2(В3)] *from/on the wrong side of the tracks ​[қ-з: track (A13)] *get/start off on the right/wrong foot (with smb) ​[қ-з: foot (A7)] *get on the right/wrong side of smb ​​[қ-з: right (A9)] *get out of bed on the wrong side (BrE) (NAmE get up on the wrong side of the bed) «ұйқыдан сол жамбасымен тұру», күні бойы шекесін тырыстырып жүру *get (hold of) the wrong end of the stick ​​[қ-з: stick (B10)] *hit/strike the right/wrong note [қ-з: note (А10)] *not far off/out/wrong ​(informal) дұрыс дерлік, дұрыс десе (де) болады, жалпы дұрыс ♦Your guess wasn't far out at all. – Болжамың/ Жауабың дұрыс дерлік/ жалпы дұрыс. They weren't far out with their estimate of 100 000. – Олар жүз мың деп жалпы дұрыс есептепті./ Олар жүз мың деп есептегенде тіпті де қателеспепті. You're not far wrong when you say he's the richest guy in town. – Ол қаладағы ең бай адам деген(ің)де – жалпы дұрыс айтасың. *on the right/wrong side of 40, 50, etc. ​​[қ-з: right (A9)] *on the right/wrong track​​ [қ-з: right (A9)] *on the wrong side of the law ​ полициямен істі болу, полицияға ұрыну *rub smb up the wrong way (BrE) (NAmE rub smb the wrong way) ​[қ-з: rub (A5)] *take smth the wrong way [қ-з: way (A11)] B.adv 1. қате, теріс, кері, дұрыс емес (opp: right) ♦My name is spelt wrong. – Атымды/ Аты-жөнімді қате жазыпты. The program won't load. What am I doing wrong? – Программа жүктелмей жатыр. Не қате істедім екен? I was trying to apologize but it came out wrong. – Кешірім сұрағым/ Ғафу өтінгім келген, бірақ дұрыс(тап) айта алмадым.‘I thought you were going out.’ ‘Well you must have thought wrong, then!’ – «Бір жаққа баратын шығармыз деп ойлаппын». «Онда дұрыс ұқпаған болдың ғой!» 2. (idm) *get smb wrong ​(informal) біреуді дұрыс ұқпау; біреуді дұрыс білмеу ♦Don’t get me wrong, I think he’s doing a good job, but… - Мені дұрыс ұқшы/ ұғыңызшы, Ол дұрыс істеп жатыр деп ойлаймын, алайда... *get smth wrong (informal) a) дұрыс ұқпау/ түсінбеу, қате ұғу/ түсіну ♦No, you've got it all wrong. She's his wife. – Мүлде дұрыс ұқпапсың(ыз). Ол - оның әйелі. You've got it all wrong. I never meant to imply that you were responsible. – Мені мүлде ұқпапсың(ыз). Мен ешқашан сені/ сізді жауапты деп айтқан/ меңзеген емеспін. b) қателесу, қате істеу/ жасау, жаңылу, жаңылысу ♦I must have got the figures wrong. – Дұрыс есептемеген сияқтымын./ Қате есептеген сияқтымын./ Есептен жаңылған сияқтымын. It looks like they got their predictions wrong again. – Олар тағы да дұрыс болжамаған/ қате болжаған сияқты. *go wrong a) қателесу, қате істеу/ жасау, жаңылу ♦Where did we go wrong with those kids? – Бұл сәбилерде/ сәбилерге қатысты қай жерде қателестік екен?Follow these instructions and you can’t go wrong. – Осы нұсқауларға сүйенсең(із), қателеспейсің(із)/ жаңылмайсың(ыз). b) (машина, жабдық, тб ж) дұрыс істемей қалу, жаңылысу, жаңылу ♦My watch keeps going wrong. – Сағатым қателесе/ жаңылыса береді. c) қиындыққа ұрыну/ тап болу, дұрыс болмау, бұзылу ♦The relationship started to go wrong when they moved abroad. – Олар шетелге көшкенде арақатынас бұзыла бастады. What else can go wrong? – Тағы не қиындық болуы мүмкін? What went wrong? You were doing really well. – Не болды/ болып қалды? Бәрін де дұрыс-ақ істеп жүр едің(із) ғой.Something has gone badly wrong. – Бір жаман нәрсе болды. to go terribly/seriously wrong – масқара/ сұмдық болу *put a foot wrong ​[қ-з: foot (A7)] *you can’t go wrong (with smth) ​(informal) қашан да дұрыс/ жақсы ♦For a quick lunch you can't go wrong with pasta. – Тез түскі асқа паста - қашан да жақсы. You can't go wrong with spaghetti - everyone likes it. – Спагетти – қашан да жақсы, әркім оны жақсы көреді. C.n 1.теріс қылық, әдепсіздік, арсыздық, қателік ♦Children must be taught the difference between right and wrong. – Балалар жақсы мен жаманды/ оң мен терісті ажырата білеуге үйренуі керек. Her son can do no wrong in her eyes. – Оның түсінігінше, ұлы ешбір теріс іс жасамайды. 2. (formal) заңсыздық, заң/ тәртіп бұзушылық, қылмыс; теріс әрекет/ іс; арсыздық; қателік ♦It is time to forgive past wrongs if progress is to be made. – Алға жылжу керек болса, өткен қателіктерді кешіретін уақыт болды. 3. (idm) *in the wrong оқиғаға/ қатеге жауапты ​♦The motorcyclist was clearly in the wrong. – Мотоциклист шынымен де жауапты болды/ еді. It took a lot of courage to admit that she was in the wrong. – Оның жауапты екенін мойындау үшін үлкен өжеттік қажет болды. Although he knew he was in the wrong, he wouldn't apologize. – Қателескенін білсе де, ол кешірім сұрамады/ ғафу өтінбеді. *right a wrong [қ-з: right (D3)] *two wrongs don’t make a right [қ-з: right (C9)] D.v біреуді сыйламау/ кемсіту/ қорлау ♦be/feel wronged (by smb/smth) He felt deeply wronged by the allegations. – Айыптауларға ол қорланды.