X [eks] A.n (also x) (pl Xs, X’s, x’s [ˈeksɪz]) 1. ағылшын әліпбиінің 24-інші әрпі ♦‘Xylophone’ begins with (an) X/‘X’. - ‘Xylophone’ сөзі X/‘X’-пен/-тен басталады. 2. (mathematics) икс (х белгісі) (белгісіз санды белгілеу үшін қолданады) ♦The equation is impossible for any value of x greater than 2. – Х 2-ден артық болса, теңдеу мүмкін емес. 3.икс (яғни, белгісіз адам/ сан/ әсер) ♦Let's suppose X knows what Y is doing. – Х У-тің не істеп жүргенін біледі деп ойлайық/ пайымдайық/ пайымдалық. B.symbol (also x) 1. X (10-ды білдіретін рим саны/ цифрі, римше 10) 2.сүйісті/ сүйгенді білдіретін хат соңындағы белгі ♦Love from Kathy XXX. – Кәтиден махаббатпен ХХХ. 3. (сайлау бюллетеніндегі/ қағазындағы белгілі бір кандидатқа берген дауысты білдіретін) белгі, таңба ♦Write X beside the candidate of your choice. – Өзіңіз қалаған кандидаттың тұсына Х белгісін/ таңбасын қойыңыз. 4. (жазбаша жауаптың) қате (екенін көрсетеді) 5. (картадағы, тб тұсты көрсететін) белгі, таңба ♦X marks the spot. – Ол тұс Х-пен таңбаланған.