body ['bɒdi] n 1.дене (адамның, жануардың) 2.өлі дене, мәйіт ¨The police found a ~ at the bottom of a lake. – Полиция көл түбінен мәйіт тапты. 3.кеуде, үсті ¨He has a strong ~ but rather thin legs. – Оның денесі шымыр болғанмен, аяғы жіңішкелеу. ¨She was badly burned on the face and ~. – Оның беті мен кеудесі мен үсті қатты күйген. 4.the ~ of smth бірдеңенің басты бөлігі ¨the ~ of a plane, theatre – ұшақтың басты бөлігі (денесі), театрдың басты бөлігі (көрермендер азлы, т.б.) 5.топ, комитет; бөлімше, бөлім ¨a ~ of troops - әскери бөлім ¨a ~ of supporters – қолдаушылар тобы ¨a legislative, election ~ - заң шығару, сайлау билігі (тармағы) ¨A government ~ is investigating the problem. – Үкіметтік комиссия (мекеме) мәселені қарастыруда. 6.~ of smth үлкен мөлшер, бәрн-ң жиынтығы, лек ¨a ~ of evidence – айғақтар жиынтығы ¨a ~ of information – информация легі 7.дене, зат, т.б. ¨~ bodies – аспан денелері (м: жұлдыз, планеталар, т.б.) ¨I’ve got a foreign ~ in my eye. – Көзіме бірнәрсе түсіп кетті. 8.күшті дәм, иіс (шараптың) ¨a wine with a plenty of ~ - өте жақсы шарап 9. (Brit көне қолд) адам, кісі 10. (idm) *~ and soul жан-тәнімен, жан аямай ¨to love smb ~ and soul – біреуді жан-тәнімен сүю ¨He fought ~ and soul for his country. – Ол өз елі үшін жан аямай шайқасты. *in a ~ бірге, топтасып, топталып ¨The protestors marched in a ~ to the town hall. – Наразылық білдірушілер қала сарайына қарай топтала жүрді. *to keep ~ and soul together тірі болу, аман қалу ¨He scarcely has enough money to keep ~ and soul together. – Оның күнелтуге жетер-жетпес ақшасы ғана бар. *over my dead ~ [қ-з: dead]