year [jɪə(r); jɜː(r)] n (abbr yr) 1. жыл ♦Elections take place every year. – Сайлау жыл сайын болады. ♦this year – биыл, осы жыл(ы) ♦next year – келесі жыл(ы), алдағы жыл(ы) ♦last year – былтыр, өткен жыл(ы) / былтыр ♦the following year – содан кейінгі жылы ♦every year – жыл сайын, әр жыл(да) ♦in the ∼… She was born in the year 1865. – Ол 1965 жылы туған/ туылған. ♦previous years – өткен/ бұрынғы жылдар ♦the past few years – өткен бірнеше жыл ♦all year round – жыл бойы ♦It's exactly a year since I started working here. – Бұнда/ Осында істегеніме/ істей бастағаныма тура бір жыл болды/ толды. ♦She gave up teaching three years ago. – Ол мұғалімдікті/ оқытушылықты үш жыл бұрын тастаған. ♦They got married two years later. – Олар екі жылдан кейін/ соң үйленді. ♦I hope to retire in two years' time. – Екі жылдан соң/ кейін/ Екі жылда пенсияға/ зейнетке шығамын деп ойлаймын/ үміттенемін. ♦Where do you think you will be five years from now? – Бұдан соң/ кейін бес жылда қайда боламын деп ойлайсың(ыз)? ♦Seeds can live in the soil for many years. – Дәндер топырақта талай жыл/ көп жыл тіршілік ете алады. ♦in the… ∼ (of smth) in the first year of their marriage – олар үйленген алғашқы жылда ♦recent years – кейінгі/ соңғы жылдар ♦early years – балалық шақ ♦We have high hopes for the coming year. – Алдағы/ Келесі жылға үмітіміз зор. ♦the pre-war/war/post-war years – соғыстан бұрынғы жылдар (соғыстың алдындағы жылдар)/ соғыс жылдары/ соғыстан кейінгі жылдар ♦I have happy memories of my years in Poland. – Польшада болған/ өткізген жылдарымды жылы еске аламын. ♦the tax/fiscal year – салық/ қаржы (финанс) жылы ♦the school year – оқу жылы, мектеп жылы ♦calendar year – жыл, календарь жылы (қаңтардың 1-інен желтоқсанның 31-іне дейінгі уақыт) 2.жас, өмір жасы ♦He was 14 years old when it happened. – Осы (оқиға) болған кезде ол он төрт жаста еді. ♦She looks young for her years. – Ол (өз) жасынан жас көрінеді. ♦They were both only 20 years of age. – Олардың екеуі де жиырма жаста/ жиырмада. ♦a twenty-year-old man – жиырмадағы/ жиырма жастағы жігіт ♦She's getting on in years. – Ол қартайып барады. 3. (especially BrE) (мектепте, тб) класс, сынып; курс ♦in ∼… We started German in year seven. – Неміс тілін жетінші класта/ сыныпта бастадық. ♦in somebody's ∼ She was in my year at school. – Мектепте онымен бір класта оқыдық./ Мектепте ол көрші класта оқыды. ♦The project is the work of a group of year-seven pupils. – Бұл жоба - жетінші класс оқушыларының жұмысы. ♦The first years do French. – Бірінші курстағылар фарнцуз тілін оқиды. 4. years (informal) ұзақ уақыт, талай/ көп жыл/ уақыт ♦It's years since we last met. – Онымен кездескелі/ кездескеніме талай жыл болыпты. ♦for years They haven't seen each other for years and years. – Олар бір-бірін көптеген/ талай жыл көрмепті. ♦in years That's the best movie I've seen in years. – Бұл - менің талай жылда көрген ең жақсы фильмім. 5. (idm) *(further) along/down the road | years down the road [қ-з: road (4)] келешектегі бір уақытта, келешекте, болашақта, алдағы жылдары/ уақытта *somebody’s declining years (literary) біреудің өмірінің соңғы жылдары *donkey’s (years) [қ-з: donkey (2)] *man, woman, car, etc. of the year жыл ері/ әйелі/ машинасы, тб (белгілі бір салада ең жақсы деп танылған адам я зат) ♦He was chosen as TV personality of the year. – Оны телевизиядағы жыл адамы деп таныды. *not/never in a hundred, etc. years (informal) ешқашан өйтпеймін/ өйтпес едім ♦I'd never have thought of that in a million years. – Бұл жайлы мүлде ойламаппын. *of advanced years | somebody’s advanced age егде тартқан, қартайған ♦He was a man of advanced years. – Ол – егде/ егде жастағы адам. *put years on smb қартайту, қартайтып көрсету ♦The illness put years on him. – Ауру оны қартайтып жіберді. ♦His wife's death has put years on him. – Әйелі қайтыс болып, ол қартайып қалды. *the seven-year itch [қ-з: seven (2)] *since/from the year dot (BrE) (NAmE since/from the year one) (informal) көп/ талай уақыттан бері ♦I've been going there every summer since the year dot. – Онда талай жылдан бері жазда барамын. *take years off somebody жас/ жасартып көрсету, жасарту ♦That haircut takes years off her. – Ана шаш сәні оны жасартып жібереді екен. ♦Careful make-up and styling can take years off you. – Дұрыс косметика мен стильдеу жасартып жібереді. *the turn of the century/year ғасырлар/ жылдар тоғысы/ түйісі ♦It was built at the turn of the century. – Бұл ғасырлар тоғысында салынған. ♦The team are unbeaten since the turn of the year. – Команда өткен жылдың соңынан бері жеңілмеді. *year after year талай жыл әр жыл сайын, жылдар бойы ♦People return year after year. – Кісілер жылдар бойы осында оралып тұрады. *year by year жылдан жылға, жыл сайын, әр жылы ♦Year by year their affection for each other grew stronger. – Жылдан жылға олар бірін-бірі жақсы көре түсті. *year in, year out жыл сайын *year of grace | year of our Lord [қ-з: lord (А8)] *year on year өткен жылмен салыстырғанда, бір жылда ♦Spending has increased year on year. – Шығын бір жылда артты. ♦a year-on-year increase in spending – шығынның бір жылда артуы