young [jʌŋ] A.adj (younger [ˈjʌŋɡə(r)], youngest [ˈjʌŋɡɪst]) 1.жас, балғын, жаңа, кішкентай, жетіле қоймаған (opp: old) ♦Young babies need to be wrapped up warmly. – Кішкентай сәбилерді жылы ғып жөргектеу/ орау керек. ♦a young country – жаңа(дан құрылған) ел ♦Caterpillars eat the young leaves of this plant. – Жұлдыз құрттар (көбелек құрттары) өсімдіктің жас/ балғын жапырақтарын жейді. ♦It's a young wine, not really up to drinking yet. – Бұл – жас шарап, ішуге әлі ертелеу. ♦The night is still young. – Қараңғы енді болған/ түскен еді. ♦Small businesses, especially young ones, tend to operate on a tight budget. – Шағын кәсіпорындар/ бизнестер, әсіресе жаңалары, аз ақшамен жұмыс істеуге бейім. 2.жас, жастар, (жасы) кішкентай (opp: old) ♦young people – жастар ♦many young men and women – жас жігіттер мен бойжеткендер ♦My son's thirteen but he's young for his age. – Ұлым – он үште, бірақ әлі шикі/ толыспаған. ♦I'm too young to remember much about the 1990s. – 1990 жылдар көп есімде жоқ, кішкентай едім. ♦They married young. – Олар жастай үйленді. ♦She looks much younger than her 39 years. – Ол отыз тоғызда емес, әлдеқайда жас көрінеді. ♦young children – кішкентай балалар, кішкентайлар ♦a young girl/boy/adult/person – жас қыз/ кішкентай ұл/ бозбала ♦I am the youngest of four sisters. – (Әпкелі-сіңлілі) төрт қыздың ең кішкентайы – мен(мін). ♦talented young football players – дарынды жас футболшылар ♦Her grandchildren keep her young. – Немерелері оны қартайтпайды/ жасартып отырады. ♦They have a young family. – Олар – жас семья/ үй-іші/ отбасы. ♦a young audience – жас тыңдармандар, тсс ♦a couple with a young family - жас семья/ үй-іші/ отбасы 3.жастарға арналған (syn: youthful) ♦young fashion – жастар сәні/ модасы ♦The clothes she wears are much too young for her. – Оның киімдері тым жастарға арналған. 4.young man/lady/woman оу, жігіт/ қарындас/ бикеш ♦I think you owe me an apology, young lady! – (Менен) ғафу өтінгеніңіз дұрыс болар, қарындас! 5. the younger (бір үйдегі) жасы, кішісі ♦the younger Kennedy – Кеннедилердің жасы/ кішісі, кіші Кеннеди ♦(BrE, formal) William Pitt the younger – Уильям Питтің жасы/ кішісі 6. (idm) *be getting younger (informal) жасару, жастардың қатарының көбеюі ♦The band's fans are getting younger. – Музыкалық топтың тілеулестері/ жанкүйерлері жасаруда./ Муз-қ топты сүйіп тыңдайтын жастар (саны) көбеюде. ♦Why do police officers seem to be getting younger? – Полиция офицерлері етіп неге жастарды көп тартып жатыр екен? *not be getting any younger (informal) жасарып жатқан жоқ, уақыт өте қартайып жатыр ♦We need to start thinking about our retirement. We’re not getting any younger, you know. – Пенсияны/ Зейнетті ойлайтын жас келді. Жас ұлғайып барады, өзің білесің. *(have) an old head on young shoulders «жас иықта кәрі бас болу», ақылды жас адам *young at heart жүрегі жас, қартайса да көңілі жас ♦My father is 76 but he’s still young at heart. – Әкем жетпіс алтыда болса да, көңілі жас. *you’re only young once (saying) жастық қайтіп келмейді, жастық бір-ақ рет болады, жас күніңде ойнап-күл B.n 1. the young жастар ♦It's a movie that will appeal to the young. – Бұл - жастарға ұнайтын фильм. ♦It's a book for young and old alike. – Бұл – жастарға да, үлкендерге де арналған кітап. 2.жас, кішкентай (аң-құс) ♦a mother bird feeding her young – балапандарын қоректендіріп жатқан мекиен ♦Young in the nest may compete for food. – Ұядағы балапандар азыққа/ қорекке таласуы мүмкін.