youth [juːθ] n (pl youths [juːðz]) 1.жас кез(і), жастық шақ, жас шақ ♦in smb's  He had been a talented musician in his youth. – Жас кезінде/ күнінде/ шағында ол дарынды/ талантты музыкант еді. She regrets that she spent her youth travelling and not studying. – Жас кезінде оқымай, қыдырып жүргеніне өкінеді. to relive/recapture your youth – жас кезін/ шағын есіне алу/ түсіру 2.жастық, жас шақ/ кез, жас күні ♦She brings to the job a rare combination of youth and experience. – Ол жұмысқа жастық пен тәжірибенің сирек ұшырасатын/ кездесетін үйлесімін береді. His youth gives him an advantage over the other runners. – Жасының кішілігі басқа жүгірушілерге/ желаяқтарға қарағанда оған артықшылық жасайды. 3. (also the youth) жастар ♦the nation’s youth – елдің жастары the youth of today – бүгінгі/ қазіргі жастар training for unemployed youth – жұмыссыз жастарға арналған жаттығу/ баулу an increase in youth unemployment – жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуы contemporary youth culture – қазіргі жастар мәдениеті a youth worker – жастармен жұмыс істеуші Youth and adults tend to see things very differently. – Жастар мен үлкендер/ егделер мәселеге түрліше қарауға бейім. 4. (often disapproving) жас, жастар, жас неме ♦The fight was started by a gang of youths. – Төбелесті бір жас жүгермектер бастады.