zone [zəʊn] A.n 1.аймақ, тұс, жер, ара, зона ♦a war/combat/demilitarized/exclusion zone – соғыс/ ұрыс (шайқас)/ әскерсізденген (демилитаризованная)/ ерекше аймақ/ тұс/ жер/ ара ♦a danger zone – қауіпті аймақ/ тұс/ жер ♦a pedestrian zone – жаяулар тұсы, жаяу жүргіншілер жүретін тұс ♦They have called for a 100-mile buffer zone around the island to protect the seals. – Тюлен(ь)дерді қорғау үшін олар аралды айналдыра жүз мильдік қорғау аймағын енгізуге шақырды. ♦an earthquake zone – жер сілкінген жер, жер сілкінісі тұсы/ аймағы ♦postal charges to countries in zone 2 – 2-аймақтағы/ зонадағы елдердегі почта төлемдері 2.тұс, бөлік, бөлім ♦When the needle enters the red zone the engine is too hot. – Ине қызыл тұсқа/ бөлікке енгенде, мотор тым қызған (дегенді білдіреді). ♦the erogenous zones of the body – дененің жыныстық құмарлықты қоздыратын тұстары 3. (глобустағы, географиялық картадағы) ендік, параллель (экваторға қатарлас сызықтар) ♦the northern/southern temperate zone – солтүстік/ оңтүстік қоңыржай ендіктер 4. (idm) *in the zone (informal) өзіне-өзі ыңғайлы/ сенімді халде/ күйде ♦When I'm in the zone, writing is the most satisfying thing in the world. – Көңіл-күйім жақсы болса, қолға қалам алып, жазғанға бұ дүниеде не жетсін. *a/the twilight world (of smth) | the twilight zone [қ-з: twilight (2)] B.v 1. (белгілі бір) тұсты/ жерді/ участокты бірнәрсеге арнау/ арнап бөлу/ қою ♦be zoned (for smth) The town centre was zoned for office development. – Қаланың ортасын/ орталығын кеңселер/ офистер салуға арнады. 2. (бөліктерге) бөлу ♦be zoned (into smth) The park has been zoned into four distinct areas. – Паркті төрт түрлі тұсқа/ бөлікке/ учаскеге бөлді. 3. (phr v) *zone out (especially NAmE, informal) ұйықтау, ұйқыға кету; есінен тану, есін білмей қалу; мәңгіру, мең-зең болу ♦I just zoned out for a moment. – Бір сәтке ойым бөлініп кетіпті/ мәңгіріп қалыппын.