zoom [zuːm] A.v 1. (informal) зыту, заулау, зулау, зымырау, өте тез/ шапшаң жүру/ қозғалу (syn: rush, whizz) ♦Traffic zoomed past us. – Көліктер жанымыздан зуылдай өтті. ♦For five weeks they zoomed around Europe. – Бес апта бойы олар Европаны құйғыта шарлады. ♦She spends her time zooming around the country. – Ол уақытын ауылда әрі-бері зуылдатып өткізеді. 2. ∼ (up) (to…) (informal) (баға, құн ж) өсіп кету, шарықтап кету ♦House prices have zoomed up this year. – Биыл үй бағалары өсіп кетті. ♦Shares zoomed from 1567p to 1700p. – Акция құны 1567 пенстен 1700 пенске дейін өсіп кетті. 3. (phr v) *zoom in/out (камера, фотоаппарат объективінің көмегімен) түсіретін нәрсені жақындату/ алыстату ♦The camera zoomed in on the actor's face. – Камера актердің жүзін жақыннан көрсетті. ♦In the last shot he zoomed out to a wide view of the garden. – Соңғы көріністе/ кадрде ол бақты кең қамти көрсетті. B.n 1. (also zoom lens) зум, объектив (камераның, фотоаппараттың түсіретін нәрселерді алыстата не жақындата алатын линзалы оптикалық жүйесі) ♦a zoom shot – зуммен түсірген сурет 2.гүжіл (заулап, тез жүріп бара жатқан көліктің дыбысы)