boom 1 [bu:m] A.v гүрілдеу, гүрсілдеу, жаңғыру ¨waves ~ing on the seashores – теңіз жағасында гүрілдеп жатқан толқындар ¨We could hear the enemy guns ~ing (away) in the distance. – Бізге алыстан жау қаруының гүрсілі естіліп тұрды. B.n гүріл, гүрсіл, жаңғырық

boom 2 [bu:m] A.n күрт өсу, қауырт өсу ¨The oil market is enjoying a ~. – Мұнай рыногы күрт өсуде. ¨a ~ year for trade, export – экспорт, сауданың күрт өскен жылы B.v күрт өсу, қауырт өсу, өркен жаю ¨Business is ~ing. – Бизнес өркен жаюда.

boom 3 [bu:m] n 1.желкенді кемеде желкеннің астыңғы жағын керіп тұратын ұзын бөрене, сырық 2.(кейде derrick boom) жүк көтергіш кранның тұмсығы, сырығы 3.(а) (өзенге, айлаққа жау кемесі кірмес үшін керілетін) шынжыр, бөгет тосқауыл (b)өзен бетінде жиналып қалған бөренелерден істелген бөгет 4.микрофон қыстырылатын баған, қада