bother ['bɒðә(r)] A.v 1.~ smb (about/with smth) мазала(н)у, қобалж(ыт)у, алаңда(т)у; абырж(ыт)у; әуреле(н)у ¨Don't ~ your father. - Әкеңді мазалама (әурелеме). ¨He’s always ~ing me to lend him money. – Ол менен ылғи да ақша сұрап мазалайды. ¨Don’t let his criticisms ~ you. – Оның сынағандары сені абыржытпай-ақ қойсын. ¨It ~s me that he cah be so insensitive. – Оның соншама безбүйректігі менің жүйкеме тиеді. 2.(a) (қобалжып) ойлау, алаңдау ¨Don’t ~ - I’ll do it later. - Әуреленбей-ақ қой – кейінірек істеймін өзім. ¨He didn’t even ~ to say thank you. – Оның тіпті рахмет айтуға да шамасы келмеді. (b) ~ about smb/smth біреу/бірн-се жайлы (-ге бола) алаңдау, қобалжу, ойлау ¨Don’t ~ about us – we’ll join you later. – Біз жөнінде ойламай-ақ қой – біз саған кейінірек қосыламыз. 3.(бұйрықты райда кейісті білд) әдірә қалғыр, құрығыр ¨Bother this car! It’s always breaking down. - Әдірем қалсын бұл машина! Бұзылғаннан көз ашпайды. 4. (idm) *can’t be ~ed әуреленгісі, әуре болғысы келмеу ¨The grass needs cutting but I can’t be ~ed to do it today. – Шөпті қырқу керек екен, алайда бүгін өзімді әурелегім келмейді. ¨He could produce excellent work but usually he can’t be ~ed. – Оның қолынан тамаша жұмыс келеді, бірақ әдетте ол өзін әуреге салғысы келмейді. *hot and ~ed èhot B.n 1.әуре, мазасыздық, қобалжу, алаңдау ¨Did you have much ~ finding the home? – Үйді табамын деп көп әурелендің бе? ¨I’m sorry to have put all this ~. – Сені әурелегенім үшін ғафу ет. 2.пәле, құрығыр, т.с.с. ¨What a ~, we’ve missed the bus. – Құрығыр, автобустан қалып қалдық. C.interj (кейісті білд) ¨Oh ~! I’ve left my money at home. – О тәуба-ай, ақшаны үйде қалдырып кетіппін.