bottom ['bɒtәm] A.n 1.түп, табан, асты; етек; аяқ жақ ¨the ~ of a mountain – тау(дың) етегі ¨The telephone is at the ~ of the stairs. – Телефон баспалдақтың аяқ жағында. ¨There are tea leaves at the ~ of my cup. – Кесемнің түбінде шай самалары бар. ¨The book I want is (right) at the ~ of the pile. – Маған қажет кітап (дәп) мына үйменің астында. ¨Sign your name at the ~ of the page, please. – Қолың(ыз)ды қағаздың етек жағына қой(ыңыз). 2.құйрық (жақ), арт жақ ¨to fall on one’s ~ - құйрығымен құлау ¨to smack a child’s ~ - сәбидің құйрығын алақанмен шарт еткізу 3.соңғы жағы, алыс жағы, аяғы, түбі ¨There’s a pub at the ~ of the road. – Жолдың аяғында сырахана бар. ¨The tool-shed is at the ~ of the garden. – Құрал-сайман қоймасы бақтың түпкі жағында. 4.арты, соңы, төменгі сатыдағы, т.с.с. ¨He was always ~ of the class in maths. – Математикадан ол ылғи да кластың соңы болатын. ¨She started at the ~ and worked her way up to become manager of the company. – Ол жұмысын ең төменгі сатыдан бастап, компанияның басшылығына дейін көтерілді. 5.табан, түп (теңіздің, көл-өзеннің) ¨The ground is very deep here, I can’t touch (the) ~. – Мына жер терең екен, аяғым түбіне тимей тұр. ¨“The Titanic” went to the ~. – «Титаник» (кеменің аты) батып кеткен (су түбіне кеткен). 6.екі бөліктен тұратын киімнің асты 7.бірінші жылдамдық, бірінші беріліс (машинаның ең төменгі жылдамдығы) ¨to drive up a steep hill in ~ - жотаға (дөңге) ең төменгі жылдамдықпен шығу 8. (idm) *at ~ шындығында, шынымен; негізгі ¨He seems aggressive but at the ~ he is kind and good-natured. – Ол елірме көрінгенімен, шындап келгенде – ақкөңіл әрі табиғатынан биязы. *to be at the ~ of smth басты себебі, түйіні болу ¨Who is at the ~ of these rumours. – Мына өсек-аяңның артында кім тұр? *to ~ (of smth) falls out мүлде құлдырау, құлау ¨The ~ has fallen out of the market. – Рынок (базар) мүлде тоқырап кетті. ¨The ~ fell out of his world when his wife died. - Әйелі қайтыс болғанда, ол үшін өмір мағынасын жоғалтты. *~s up! қалдырмай алып қояйық! тартып жіберейік! (сөзбе-сөз: түбін төңкерейік! - арақ ішкенде айтылады) *from the ~ of one’s heart шын жүректен, жүрегінің түпкірінен ¨to congratulate smb, regret smth from the ~ of one’s heart – біреуді шын жүректен құттықтау/ бірнәрсе үшін қатты қапа болу *from top to ~ [қ-з: top] *to get to the ~ of smth бірнәрсенің түбіне жету (яғни, шынайы себебін, құпиясын, т.с.с. ашу) ¨We must get to the ~ of this mistery. – Біз мына құпияның түбіне жетуге тиіспіз. *to knock the ~ out of smth [қ-з: knock] *smooth as baby’s ~ [қ-з: smooth] *to touch ~ [қ-з: touch] B.adj 1.соңғы, түпкі, табанғы, аяққы ¨the ~ line (on a page) – парақтың (беттің) аяққы жолы ¨the ~ rung (of a ladder) – (сатының) аяққы басқышы ¨Put your books on the ~ shelf. – Кітаптарыңды астыңғы сөреге қой. 2. (idm) *to bet one’s ~ dollar [қ-з: bet] C.v (phr v) *to ~ out саудада бағаның, үлестің (акция) ең төменгі деңдейге құлдырауы ¨There is no sign that the recession has ~ed out yet. – Құлдыраудың ақырғы шегіне жеткен-жетпегені жөнінде ешбір нышан жоқ.