breath [breθ] n 1. (a) (кейде ауызекі puff) дем, тыныс ¨You can see people’s ~ on a cold day. – Ауа-райы салқын кезде елдердің демін (дем алғанын) көруге болады. ¨His ~ smelt of garlic. – Оның демінен усарымсақ иісі мүңкіп тұрды. (b) дем алу, дем жұту ¨to take a deep ~ - терең дем жұту 2. ~ of smth леп, самал ¨There wasn’t a ~ of air/wind. – Қыбыр еткен жел болмады. 3. ~ of smth (ауысп. мағ.) астар, меңзеу; нышан, белгі; леп ¨a ~ of scandal – айқай-шу (жанжал) нышаны (болатынының белгісі) ¨the first ~ of spring – көктемнің алғашқы лебі 4. (idm) *a ~ of fresh air таза ауа лебі ¨to take a ~ of fresh air – таза ауа жұту ¨(ауысп. мағ.) Her smile is a ~ of fresh air in this gloomy office. – Оның (қыздың, келіншектің) жымиысы мына жабырқау мекемеге дем береді. *the ~ of life (to/for smb) жан азығы, өмір лебі; шабыт көзі ¨Religion is the ~ of life to/for her. – Дін – ол үшін жан азығы. *to catch one’s ~ [қ-з: catch] *to draw ~ [қ-з: draw] *to draw one’s first/last ~ [қ-з: draw] *to get one’s ~ (again/back) әдеттегідей дем алу, демі қалпына келу, ентігін басу, алқынуының тоқтауы, өкпенің орнына түсуі ¨It took us few minutes to get our ~ back after the race. – Жарыстан соң өкпеміз орнына түскенше біршама уақыт кетті. *to hold one’s ~ демін ұстап я тоқтатып тұру (м: мед-қ тексеру немесе қорыққан, толқыған кезде) ¨The audience held its/their ~ as the acrobat walked along the tightrope. – Акробат керме жіптің үстімен жүрген кезде көрермендер жым-жырт тына қалды. *in the same ~ [қ-з: same] *to lose one’s ~ [қ-з: lose] *one’s last/dying ~ біреудің ақырғы/ақтық демі (өлер алдындағы соңғы сәті) *(to be) out of/short of ~ ентігу, алқыну ¨His heart condition makes him short of ~. – Жүрегінің нашарлығынан ол ентігіп қалады. *to save one’s ~ [қ-з: save] *to say, speak, etc under one’s ~ сыбырлай, үн шығармай айту, сөйлеу *to take smb’s ~ away ошарылту, аңырту, састыру, аң-таң ету *to waste one’s ~ [қ-з: waste] *with bated ~ [қ-з: bated]