breathe [bri:ð] v 1.дем алу, ауа жұту, тыныстау, тыныс алу ¨People ~ more slowly when they are asleep. – Адамдар ұйықтаған кезде едәуір баяу тыныстайды. ¨She’s still ~ing. – Ол әлі тыныстауда (яғни, ол әлі тірі). 2. ~ in/out; ~ smth (in/out) ¨The doctor told me to ~ in and then ~ out (again) slowly. – Дәрігер маған баяу дем(ді ішке) алып сосын шығар деді. ¨It’s good to ~ (in) fresh country air instead of city smoke. – Қаланың түтінінен гөрі ауылдың таза ауасымен тыныстаған абзал. 3.сыбырлау, ақырын жұмсақтап айту ¨to ~ loving words in smb’s ear – біреудің құлағына ғашықтық сөздерін сыбырлау ¨to ~ a threat – ызғарлану, айбат шегу 4. білдіру, есіп тұру (сезім ж) ¨The team ~d confidence before the match. – Кездесудің алдында командадан өзіне деген сенім есіп тұрды. 5. (idm) *(to be able) to ~ (easily/freely) again өзіне-өзі келу, жүрегі орнына түсу ¨Now my debts are piad I can ~ again. – Енді қарыздан құтылып, еркін тыныстай аламын. *to ~ down smb’s neck (ауызекі) (жарыс кезінде) біреуді өкшелеу, біреудің артынан қалмай отыру; қыр соңынан қалмау, желкесінен қарау ¨I can’t concentrate with you ~ing down my neck. – Желкемнен қадалмай ойлануға мұрсат берші. *(not) to ~ a word (of/about smth) (to smb) ләм демеу, тіс жармау ¨Promise me that you won’t ~ a word of this to anyone. – Бұл жайлы ешкімге тіс жармаймын деп уәде бер(гін). *to ~ one’s last ақтық демі біту, өлу 6. (phr v) *~ smth into smb/smth жаңа дем беру, жігерлендіру ¨The new manager has ~d fresh life into the company. – Жаңа менеджер компанияға жаңа дем берді.