bring [briŋ] A.v (pt, pp brought [brɔ:t]) 1. ~ smb/smth (with one); ~ smth (for smb) әкелу, алып келу; ертіп келу ¨to ~ a glass of water – бір стакан су әкелу ¨She brought her boyfriend to the party. – Ол той-томалаққа (жүріп жүрген) жігітін ертіп келді. 2. әкелу; әперу, алып беру ¨These pills ~ relief from pain. – Мына дәрілер шаншуды басады. ¨Spring ~s warm weather and flowers. –Көктем жылы ауа-райы мен гүлдер алып келеді. ¨Her great wealth brought her no happiness. – Оның мол дәулеті оған ешбір бақыт әкелмеді. 3. ~ smb/smth to smth белгілі бір жайға, күйге түсіру, алып келу ¨His incompetence has brought the company to the brink of bankruptcy. – Оның орашолақтығы компанияны банкроттыққа ұрындыра жаздады. 4. ~ smth (against smb) сотқа беру, қылмысты іс қозғау ¨to ~ a charge against smb – біреуге айып тағып, іс қозғау 5. өзін қыстау, күштеу, зорлау, мәжбүр ету ¨She couldn’t ~ her self to tell him the tragic news. – Оның оған қайғылы хабарды айтуға дәті бармады (шыдамады). 6. істеткізу, мәжбүр ету; себепкер болу ¨Her intervention brought the meeting to a close. – Оның кірісуі (килігуі) мәжілістің доғарылуына себепкер болды. ¨The mild weather will ~ the trees into blossom. – Жұмсақ ауа-райы ағаштарды көктетеді. ¨to ~ smth to an end – бітіру, аяқта(т)у 7. (құрамында bring сөзі бар идиомалар үшін басқа сөз таныстырылымдарын қараңыз, м: *to ~ smb to book [қ-з: book] *to ~ smb to light [қ-з: light] 8. (phr v) *~ smth about (a) (теңіз) желкенді қайықтың бағытын өзгерту (b) (бірдеңені) болғызу, істету ¨to ~ about reforms, a war – реформаларды таныстыру (бастау), соғысқа ұшырату (ұрындыру) ¨The Liberals wish to ~ changes in the electoral system. – Либералдардың сайлау жүйесіне өзгерістер енгізгісі келеді. *~ smb/smth back біреуді/бірн-ні қайтару, қайтып әкелу ¨Please, ~ back the book tomorrow. – Кітапты ертең қайтар(ыңыз)шы. ¨He brought me back in his car. – Ол мені машинасымен кері әкеліп тастады. *~ smth back (a) қайта қалпына келітру, қайта енгізу ¨MP’s voted against ~ing back the death penalty. – Парламент мүшелері өлім жазасын қайта енгізуге қарсы дауыс берді. (b) еске түсіру, еске (ойға) алу ¨The old photograph brought back many memories. – Ескі фотосурет баяғыда болған көптеген нәрселерді еске түсіреді. *~ smb back smth біреуге қайтарда, ораларда бірн-е әкелу, әкеліп беру ¨If you’re going to the shops, could you ~ me back some cigarettes? – Дүкенге соғатын болсаң, қайтарда маған біраз темекі алып келсең қалай болады? *~ smb back to smth қайта қалпына келтіру ¨A week by the sea brought her back to health. – Теңіз жағасындағы бір жеті оны бұрынғы сау қалпына келтірді. *~ smb/smth before smb біреуді/бірн-ні талқыға, қарарға салу ¨The matter will be brought before the committee. – Іс комитетте қаралатын болады. ¨He was brought before the court and found guilty. – Оның ісі сотта қаралып, кінәлі деп табылды. *~ smb down (a) (футболда) шалып, итеріп, тсс, яғни, ойын тәртібін бұзып құлату ¨He was brought down in the penalty area. – Ол пенальти аймағында (он алты метрдің ішінде) құлатылды. (b) құлату, төңкеру, кетіру ¨The scandal may ~ down the government. – Жанжал үкіметті құлатуы мүмкін. *~ smth down (a) (ұшақты) құлату, атып түсіру ¨to ~ down an enemy fighter – жаудың ұрыс ұшағын құлату (b) (ұшақты) қондыру ¨The pilot brought down his crippled plane down in a field. – Ұшқыш өзінің сүйретілген (зақымданып әрең ұшатын) ұшағын алаңға қондырды.(c) (аң-құсты) атып түсіру, құлату ¨He aimed, fired and brought down the antelope. – Ол көздеп тұрып ақбөкенді атып түсірді. (d) азайту, түсіру ¨to ~ down prices – бағаны түсіру *~ smth forth (кітаби) бірдеңе беру, шығару ¨Trees ~ forth fruit. – Ағаштар жеміс береді. *~ smth forward (a) (бірн-ні) жылжыту, ілгерілету ¨The meeting has been brought forward from 10th May to 3rd May. – Кездесу 10-мамырдан 3-ші мамырға жылжытылды (ілгерілетілді). (b) (бірн-ні) талқыға, пікірсайысқа ұсыну, әкелу; мәселе, тб көтеру ¨Please ~ the matter forward at the next meeting. – Бұл істі алдағы кездесуде көтер(іңіз). *~ smb in (a) біреуді полиция бекетіне тергеуге әкелу; тұтқындау ¨Two suspicious characters were brought in. – Екі күдікті адам алып келінді. (b) кеңесші, көмекші етіп тағайындау ¨Experts were brought in to advise the government. – Үкіметке кеңес беруге мамандар тағайындалды. *~ smth in (a) (астық) орып бастыру, жинау ¨to ~ in a good harvest – бітік астық орып бастыру (b) заң, т.с.с. енгізу ¨to ~ in a bill to improve road safety – жол хауіпсіздігін арттыру үшін жаңа заң енгізу (c) (айыптыға) үкім шығару ¨The jury brought in a verdict of guilty. – Сот алқасы айыпты деген үкім шығарды. *~ (smb) in smth табыс әкелу ¨His work ~s (him) in £5000 a year. – Оның жұмысы жылына £5000 табыс береді. *~ smb in (on smth) біреуді бірн-ге қатыстыру ¨Local residents were angry at not being brought in on the new housing scheme. – Жергілікті тұрғындар жаңа тұрғын үй жобаларына тартылмағандықтарына ренжіді. *~ smb off біреуді теңізде құтқару ¨The passengers and crew were brought off by the Dover lifeboat. – Жолаушылар мен экипажды Довер құтқару кемесі құтқарды. *~ smth off (бір қиын нәрсені) сәтті істей алу ¨The goalkeeper brought off a super save. – Қақпашы ғаламат шеберлікпен қақпаны доптан құтқарып қалды. ¨It was a difficult task, but we brought it off. – Аса күрделі тапсырма болса да, біз оны орындай алдық. *~ smb on дамуға, жетілуге көмектесу ¨The coach is ~ing on some promising youngsters in the reserve team. – Бапкер қосалқы командада жас талантты ойыншыларды өсіруде (тәрбиелеуде). *~ smth on (a) бірнәрсенің пайда болуына әсер ету; жетелеу, себепкер болу ¨He was out in the rain all day and this brought on a bad cold. – Ол күні бойы жауын астында болып, (нәтижесінде) суық тиді. ¨nervous tension brought on by overwork – ұзақ жұмыстан болған жүйкенің торығуы (b) (астық, жеміс ж) тез өсір(т)у ¨The hot weather is ~ing on the wheat on nicely. – Ыстық ауа-райы астықты жақсы жетілдіруде. *~ smth on oneself/smb өзіне/біреуге (жаман бір нәрсе) болғызу ¨You have brought shame and disgrace on yourself and your family. – Сен өзің мен отбасыңды масқара етіп жерге қараттың. *~ smb out (a) ереуілге шығару ¨They are threatening to ~ out power workers next. – Олар енді энергия (секторының) жұмысшыларын ереуілге шығарамыз деп қорқытады. (b) ұялшақтықтан, ұяңдықтан арылу ¨She’s nice – but needs a lot of ~ing out. – Ол – жақсы, бірақ та көбірек ашылу (ұяңдықтан арылу) керек. *~ smth out (a) бірдеңені пайда болғызу, ашу ¨The sunshine will ~ out the blossom. – Күн нұры бүршік атқызады. (b) бірнәрсені жасап шығару; жариялау ¨The company is ~ing out a new sports car. – Компания жаңа спорт машинасын шығармақшы. ¨to ~ out smb’s latest novel – біреудің кейінгі (жазылған) романын шығару (c) бірнәрсені анық, аша көрсету ¨The enlargement ~s out the details in the photograph. – Үлкейткенде, фотосуреттегі детальдар анық көрінеді. (d) түсінікті, анық ету ¨to ~ out the meaning of a poem - өлеңнің мәнін ашу (f) қасиетін ашу, таныту; бөліп, ашып көрсету ¨A crisis ~s out the best in her. – Дағдарыс оның жақсы қасиеттерін танытады. *~ smb out in smth үсті бөрту, үстін бірн-се басу ¨The heat brought him out in a rash. – Ыстық оның үстін бөрттіріп жіберді. *~ smb over (to…) шет елден белгілі бір жерге келу ¨Next summer he hopes to ~ his family over from the States. – Келесі жылы ол отбасын Құрама Штаттардан алып келмекші. *~ smb over (to smth) біреудің пікірін, пиғылын, пейілін өзгерту; көндіру ¨to ~ smb over to one’s cause – біреуді өз ісіне иландыру *~ smb round біреуге есін жинату ¨Three women fainted in the heat but were quickly brought round with brandy. – Үш әйел талып қалған, алайда брәнди ішіп тез естерін жинады. *~ smth round (теңіз ісінде) қайықты қарама-қарсы жаққа бұру *~ smb round/around (to…) біреуді ертіп келу ¨Do ~ your wife round one evening; we’d love to meet her. – Бір күні әйеліңді ертіп кел, қуана қарсы аламыз. *~ smb round (to smth) біреудің пікірін өз жағына шығару; көндіру, иландыру ¨He wasn’t keen on the plan, but we managed to ~ him round. – Оның жоспарға көңілі соқпағанмен, біз оны иландыра алдық. *~ smth round to smth (әңгімені) бірнәрсе бұру, әкелу ¨He brought his discussion round to football. - Ол әңгімені футболға бұрды. *~ smb through біреуге айығуға, оңалуға көмектесу; құтқару ¨He was very ill, but the doctors brought him through. – Ол өте ауру етін, бірақ та дәрігерлер аман алып қалды. *~ smb to = ~ smb round *~ smth to (теңіз) (қайықты) тоқтату *~ A and B together (екі кісіні, топты, т.с.с.) татуластыру, бітістіру, бітімге келтіру ¨The loss of their son brought the parents together. – Баласының өлімі әке-шешесін татуластырды. *~ smb under (біреуді) бақылауға алу, бағындыру ¨The rebels were quickly brought under. – Бүлікшілер тез бағындырылды. *~ smth under smth (бірн-ні) белгілі бір категорияға жатқызу ¨The points to be discussed can be brought under three main headings. – Талқыға түсетін пункттерді негізгі үш тақырыпқа жіктеуге болады. *~ smb up (a) тәрбиелеу, өсіру, бағып-қағу ¨She brought up five children. – Ол бес бала өсірді. ¨a well-/badly-brought up child – жақсы/нашар тәрбиеленген бала (b) (заң) сотқа беру, тарту ¨He was brought up on a charge of drunken driving. – Ол ішіп айдағаны үшін айыпталып, сотқа тартылды. (c) жүрісін, сөзін күрт доғару, кілт тоқтату ¨His remark brought me up short. – Оның сөзі мені күрт доғарды. *~ smb/smth up (солдаттарды, қаруды) мaйдан шебіне жылжыту ¨We need to ~ up more tanks. – Бізге көбірек танк әкелу керек. *~ smth up (a) құсу ¨to ~ up one’s lunch – түскі асын құсу (b) назар аударту, мәселе көтеру ¨These are matters that you can ~ up in committee. – Бұлар – комитеттің назарына ұсынылатын мәселелер. *~ smb up against smth біреуді бірн-мен бетпе-бет келтіру ¨Working in the slums brought her up against the realities of poverty. – Қаланың мешеу аудандарындағы жұмыс оны кедейлік ащы шындығына көзін ашты. *~ smb/smth up to smth белгілі бір деңгейге, стандартқа әкелу, жеткізу ¨His work in maths needs to be brought up to the standard of the others. – Оның математикадан жұмысы басқалардың деңгейіне жетуі тиіс.