broad 1 [brɔ:d] A.adj (-er, -est) 1. кең, ауқымды ¨a ~ street, avenue - кең көше, кең даңғыл ¨~ shoulders - кең иық, иығы кең 2. ен, кеңдік ¨a river twenty metres ~ - кеңдігі (ені) жиырма метр болатын өзен 3. (жер я су ж) кең, ұлан-ғайыр, көлемді, ұшы-қиыры жоқ ¨The ~ plains of the American West. – Американ Батысының ұлан-ғайыр далалары (жазықтары) ¨(ауысп. мағ.) There is a ~ support for the government’s policies. – Үкімет саясатына деген кең қолдау бар. 4. анық, айқын, ашық ¨a ~ smile – ашық жымиыс ¨The Minister gave a ~ hint that she intends to raise taxes. – Министр салықты өсіруге ниеттеніп отырғанын ашық меңзеді (білдірді). 5. жалпылама, кең, жалпы ¨The ~ outline of a plan. – Жоспардың жалпылама сызбасы. ¨The negotiations reached ~ agreement on the main issues. – Келіссөздер басты мәселелер бойынша жалпылама келісімге келді. 6. (ой, пікір, көзқарас ж) кең, жатырқамайтын ¨a man of ~ views – ойы ауқымды адам 7. (сөйлеу мәнері, акцент ж) анық, айқын, білініп, көзге көрініп тұрған ¨a ~ Yorkshire accent – анық Йоркшир акценті 8. есер, тұрпайы, дөрекі ¨~ humour - әдепсіз әзіл 9. (idm) *(in) ~ daylight тапа-тал түсте, күндіз ¨The robbery occurred in ~ daylight, in a crowded street. – Тонау тапа-тал түсте, адам құжынаған көшеде болды. *~ in the beam (ауызекі) қарны, бүйірі шыққан, семіз *it’s as ~ as it’s long (Brit ауызекі) (екі нәрсенің, т.б. бір-бірінен) айырмашылығы жоқ, бәрібір B.n the Broads [pl] (Шығыс Англиядағы) өзендердің кең жерлері(нің атауы) ¨the Norfolk Broads – Норфолктың кең тұстары
broad 2 [brɔ:d] n (US slang жақтырм) әйел, қатын, шүйкебас