bug

bug [bʌg] A.n 1. қандала (лас үйлер мен төсектерде тіршілік ететін кішкентай қоңыз) 2. қоңыз, кез-келген кішкентай насеком, жәндік, құрт-құмырсқа 3. жұқпалы микроб, вирус ¨I think I’ve caught a ~. – Тұмауратып қалған сияқтымын. ¨There are a lot of ~s about in winter. – Қысты күні жұқпалы аурулар көп болады. 4. (the ~ әдетте) есіл-дерті кету, өліп-өшіп қызығу ¨He was never interested in cooking before, but he’s been bitten by/got the ~. – Ол бұрын тамақ істеуге қызықпаушы еді, енді есіл-дерті соған ауыпты. 5. (ауызекі) «қоңыз», компьютердегі ақау, дефект ¨There is a ~ in the system. – Жүйеде ақау бар. 6. (ауызекі) «қоңыз» (барлау қызметі тың тыңдау үшін жасыра орнатып қоятын шағын микрофон, т.с.с.) 7. (idm) *to snug as a ~ [қ-з: snug] B.v (-gg-) 1.(a) «қоңыз» (bug A6) орнату ¨The office is ~ged. – Мекемеге «қоңыз» орнатылған. (b) «қоңызбен» тыңда(л)у (bug A6) ¨a ~ging device – астыртын тыңдау құралы ¨Be careful what you say; our conversation may be being ~ged. – Байқап сөйлегін; әңгімеміз тыңдалып тұрған шығар. 2. (US ауызекі) мазасын алу, мезі қылу, ығырын шығару ¨What is ~ging you? – Сені (сізді) не мазалап тұр? ¨The man really ~s me. – Мына кісі (мынау неме) ығырымды шығарды.