bull 1 [bul] n 1. бұқа, қодас (буйвол) ¨a ~ neck – бұқа мойын 2.еркек піл, кит; ірі аңдардың еркегі 3.(қор биржасында) алыпсатар (үлестерді (акцияларды) арзанға алып қымбатқа сататын адам) ¨a ~ market – акция (үлес) құндары өсіп жатқан рынок 4. (US slang) полицай; детектив 5. = bull’s eye 6. (idm) *a ~ in a china shop (сөзбе-сөз: фарфор дүкеніндегі бұқа) ебедейсіз, қолаба адам *a cock-and-bull story [қ-з: cock] *a red rag to a ~ [қ-з: red] *to take the ~ by the horns (сөзбе-сөз: бұқаны мүйізінен алу, бұқаның мүйізіне жармасу) қиындық пен қауіпке өжеттікпен беттеу, қаймықпау
bull 2 [bul] n 1.(католиктерде) Папа шығарған ресми документ я мәлімдеме 2. мөр, булла (bulla)
bull 3 [bul] n 1.(кейде Irish bull) сөздерді ойсыз, орашолақтықпен қолдану 2. (slang) = bullshit 3. (Brit slang) (армияда) ығырды шығаратын күнделікті істер, күйкі тірлік