burden ['bз:(r)dn] A.n 1. ауыр жүк, ауыр тең 2. (ауысп. мағ.) тауқымет, жауапкершілігі ауыр нәрсе ¨the ~ of heavy taxation on the tax-payer – салық төлеушінің иығына түскен салықтың ауыр жүгі 3. ~ of smth сөздің, мақаланың өзегі, түйіні ¨The ~ of his argument was that … - Оның дәлелінің өзегі … болды. 4.кеменің тоннажы (тасу, тиеу мүмкіндігі) B.v ~ smb/oneself (with smth) (біреуге/өзіне) жүк арту, арқалату ¨refugees ~ed with all their possessions – артынып-тартынған босқындар ¨(ауысп. мағ.) I don’t want to ~ you with my problems. – Мен саған өз мәселелерімді арқалатқым (артқым) келмейді.