burst [bз:(r)st] A.v (pt, pp burst) 1. жарылу, қопарылу, бұзылу ¨If you blow that balloon up any more it will ~. – Егер андағы шарды тағы үрлесең, жарылып кетеді. ¨The dam burst under the weight of water. – Бөгет судың салмағына төтеп бере алмай бұзылды. ¨Water-pipes often ~ in cold weather. – Суық күндері су құбырлары жиі жарылады. 2. ~ (with smth) жарылайын деп тұру, тырсию ¨May I use your lavatory – I’m ~ing! – Дәретханаңды пайдаланайыншы – жарылып барамын! ¨a bag ~ing with shopping – дүкен аралап тырсиған сөмке ¨(ауысп. мағ.) to be ~ing with happiness – шаттықтан жарылайын деп тұру 3.(idm) *to be ~ing at the seams (ауызекі) толып тұру, сөтілейін деп тұру ¨I’ve eaten so much I’m ~ing at the seams. – Тойғаным сонша, сөтілейін деп тұрмын. *to be ~ing to do smth бірдеңе істеуге құлшынып тұру ¨She was ~ing to tell him the good news. – Ол оған жақсы хабар айтуға құлшынып тұрды. *to ~ (smth) open сарт еткізе ашу, жұлқи ашу ¨The police burst the door open. – Полиция есікті сарт еткізіп ашты. 4. (phr v) *~ in сау етіп ену, кенет кіріп келу ¨The police burst in (through the door) and arrested the gang. – Полиция (есік арқылы) сау етіп кіріп келіп қылмысты топты ұстады. *~ in on smb/smth баса-көктеп кіру, (күтпеген жерден келіп) біреуді/бірн-ні бөліп жіберу ¨to ~ in on a meeting – мәжіліске кіріп келу ¨How dare you ~ in on us without knocking! – Есікті ұрмай баса-көктеп кіруге қалай дәтің барады! *~ into smth ¨The aircraft crashed and burst into flames. – Ұшақ құлап жанып кетті. ¨to ~ into tears – жылап жіберу ¨to ~ into song - ән шырқата жөнелу ¨to ~ into angry speech – ұрыса жөнелу ¨trees ~ing into leaf – көктей (жапырақ жая) бастаған ағаштар *~ into, out of, through, etc smth бұзып-жарып ішке, сыртқа, арқылы, т.б. жүру, қозғалу, шығу ¨An angry crowd burst through the lines of police and into the street. – Ызалы топ полиция тізбегін бұзып-жарып өтіп көшеге шықты. ¨The oil burst out of the ground. – Мұнай жер бетіне атқып шықты. ¨The sun burst through the clouds. – Күн бұлт арасынан жарқ етіп шыға келді. *~ on/upon smb/smth аяқ астынан, тосыннан пайда болу, келу, т.с.с. ¨The truth burst upon him. – Оның аяқ астынан шындыққа көзі жетті. ¨A major new talent has burst on the literary scene. - Әдебиет сахнасында тағы бір жас дарын (иесі) жарқ етті (яғни, пайда болды). *~ out (a) дүрсе қоя беру, баж ету ¨“I hate you!” she burst out. – «Жеккөремін сені!» деп ол баж етті. (b) ¨to ~ out crying/laughing/singing – жылай/күле/ән сала жөнелу B.n 1.(a) жарылыс, жарылу ¨the ~ of a shell, bomb – снарядтың, бомбаның жарылысы (b) тесік, жарылу (яғни құбырдың, тсс) ¨a ~ in a water-pipe – су құбырындағы тесік 2.толқын; тасу, көтерілу; шабыт ¨a ~ of energy – күштің тасуы 3.¨a ~ of anger – кенет ашуға бөгу ¨a ~ of enthusiasm – шабыт толқыны ¨a ~ of applause – ду қол шапалақтау 4. (қару-жарақпен) оқта-текте, ара-тұра ату ¨a ~ of machine-gun fire – автоматпен оқта-текте ату