business ['biznis] n 1. жұмыс, іс, кәсіп ¨He tries not to let (his) ~ interfere with his home life. – Ол өз жұмысын үй тіршілігімен араластырмауға тырысады. 2.(a) бизнес, кәсіп(керлік), іс(керлік), коммерция, сауда ¨We don’t do (much) ~ with foreign companies. – Біздің шетелдік компаниялармен онша қатынастарымыз жоқ. ¨He is in the oil ~. – Ол мұнай бизнесінде (істейді). ¨She has set up in ~ as a bookseller. – Ол кәсібін кітап сатушы ретінде бастады. ¨a ~ trip – бизнес сапары, іскерлік сапар ¨a ~ sense – бизнес сезімі, іскерлік сезім (яғни бизнесті білетін әрі оған икемі бар) (b) бизнес, сауда, сауда-саттық ¨Business is always brisk before Christmas. – Сауда (бизнес) Рождество қарсаңында ылғи да қызу. 3. кәсіпорын, фирма, дүкен ¨to have/own one’s own ~ - өз фирмасы, дүкені болу ¨Many small ~es have gone bankrupt recently. – Көптеген шағын кәсіпорындар (фирмалар) жуырда банкротқа болды. 4. іс, міндет, жұмыс, тапсырма, шаруа ¨It is the ~ of police to protect the community. – Қауымды (жергілікті халықты) қорғау – полицияның міндеті. ¨I shall make it my ~ to find it out who is responsible. – Кімнің жауапты екендігін анықтауды өз міндетіме аламын. ¨My private life is none of your ~/in no ~ of yours. – Менің жеке өмірімде шаруаң(ыз, -уаларың(ыз)) болмасын. 5. басты мәселе, басты сұрақ ¨The main ~ of this meeting is our wages claim. – Бұл жиылыстың басты мәселесі – біздің жалақы дауымыз. ¨Unless there is any other ~, we can end the meeting. – (Егер) басқа мәселе жоқ болса, мәжілісті аяқтаймыз. 6.(көдінесе жақтырм) іс, мәселе, пәле, шаруа ¨a strange ~ - қызық (оғаш) іс, мәселе ¨I’m sick of the whole ~. – Мыга шаруа тойғызды мені. ¨That plane crash was an awful ~. - Әлгі ұшақтың апатқа ұшырауы сұмдық іс болды. ¨What’s this ~ I hear about you losing your job? – Не болып қалды, сені жұмысынан айырылды деген сөздер жүр ғой? 7. актердің (сахнадағы айтқандарын әсерлеу үшін істейтін) ниеттері, мимикасы, әрекеті, қимылы 8. (idm) *~ as usual қалыпты, бұрынғысынша (дег мағ) *the ~ end (of smth) (ауызекі) құралдың, аспаптың, қарудың басты қызмет атқаратын бөлігі (м: қарудың ұшы) ¨Never hold the gun by the ~ end. – Мылтықтың ұшынан ешқашан ұстама. *~ is ~ бизнестің аты бизнес, бизнес (дегеніміз) – бизнес, жұмыстың аты жұмыс (яғни, қаржы, сауда мәселелерінде достық, жаны ашушылық жүрмейді дег мағ) *monkey ~ [қ-з: monkey] *funny ~ [қ-з: funny] *to get down to ~ іске кірісу, қаралатын мәселеге оралу *to go about one’s ~ жұмыс басты болу, өз ісімен болу, жүру ¨streets filled with people going about their daily ~ - өз ісімен жүрген адамдарға толы көшелер *to go out of ~ банкротқа ұшырау, тақырға отыру *to have no ~ to do smth/doing smth бірнәрсе істеуге хақы, еркі болмау ¨You’ve no ~ to be here – this is private property. – Сенің бұл жерде болатын хақың жоқ – бұл жеке меншік. *like nobody’s ~ (ауызекі) өте қатты, жылдам я өте жақсы ¨My head hurts like nobody’s ~. – Басым қатты ауыруда. *to mean ~ [қ-з: mean] *to mind one’s own ~ [қ-з: mind] *on ~ жұмыс, іс, бизнес бабымен ¨I’ll be away on ~ next week. – Келесі аптада іс (бизнес) бабымен сыртта (яғни, сапарда) боламын. *to send smb about his ~ [қ-з: send]