but 1 [bʌt; bәt] A.adv 1. (көбінесе көне қолд, кітаби) тек, тек қана, тек ә(н)шейін, небәрі ¨He’s ~ a boy. – Ол небәрі бала ғой. ¨If I had ~ known she was ill, I would have visited her. – Оның науқас екенін білгенімде ғой, оған барып-қайтар едім. ¨I don’t think we’ll succeed. Still, we can ~ try. – Шамамыз жетеді деп ойламаймын. Алайда, әншейін тырысып көруге болады ғой. 2. (idm) *one cannot/could not ~ (кітаби) бірдеңе істемей тұра алмау; істеуге міндетті болу ¨I could not ~ admire her. – Оған сүйсінбей тұра алмадым. ¨I could not ~ admit that he was right and I was wrong. – Мен өзімнің қате, оның дұрыс екенін мойындамай тұра алмадым (мойындауға тиіс болдым). B.conj 1. бірақ, алайда, (өйткен)мен …, тсс ¨Tom went to the party, ~ his brother didn’t. – Том кешкі той-томалаққа барғанымен, оның бауыры бармады (барса да ...). ¨He doesn’t like music ~ his wife does. – Ол музыканы жақсы көрмесе де, әйелі (музыканы) ұнатады. 2.бірақ, дегенмен, алайда, сөйтсе де, тсс ¨She cut her knee badly, ~ didn’t cry. – Ол тізесін жаман қанатып алды, бірақ та жыламады (... алғанымен жыламады.). ¨This restaurant serves cheap ~ excellent food. – Бұл ресторан арзан, бірақ та тамаша тамақ береді. 3. (таңғалуды, келіспеушілікті білд) ¨“I’m getting married.” “But that’s wonderful!” – «Үйленейін деп жатырмын.» «Ойбай, мынауың ғажап қой!» 4. (сөзге күш түсіре, бөле, нығарлай айтқанда) ¨Nothing, ~ nothing will change my mind. – Бұл ойымнан мені ешнәрсе де, ештеңе де айныта алмайды. ¨Go there ~ fast! – Жылдамдатып бар(саңшы)! 5. (idm) *~ me no ~s менімен таласпай-ақ (айтыспа) не ақталмай-ақ қой (дег мағ) *~ that (көне қолд я кітаби) (a) ¨But that you had seen me in the water, I would have drowned. – Сен (сіз) мені суда көрмегенде, мен батып кетер едім. ¨He would have come with us ~ that he had no money. – Ол бізбен бірге келер еді, ақшасы болғанда. (b) ¨I don’t deny ~ that you’re telling the truth. – Сенің шындықты айтып тұрғаныңа шүбәм жоқ. (c) ¨Who knows ~ that what he says is true? We have no proof that he is lying. – Оның рас деп айтып тұрғаны осы, басқалайын кім біледі? Бізде оның алдап тұрғаны жөнінде еш дәлел жоқ *~ then бір жағынан, оның үстіне, дегенмен, бірақ та ¨He speaks very good French – ~ then he did live in Paris for three years. – Оның французшасы жап-жақсы-ақ – қайткенмен де ол Парижде үш жыл тұрды ғой. *not only … ~ also ¨He is not only arrogant ~ also selfish. – Ол тек өркөкірек қана емес, оның үстіне сараң (-, сараң да). C.prep 1.(nobody, none, nowhere болымсыз сөздерінен, who, where, тб сұрайлы сөздерінен, сондай-ақ all, everyone, anyone сияқты сөздерден кейін қолд) ¨The problem is anything ~ easy. – Бұл мәселе не де болса жеңіл емес. ¨He is anything ~ a coward. – Ол не болса да қорқақ емес. ¨Everyone was there ~ him. – Ол жерде одан басқасының бәрі болды. ¨Nobody ~ could be so selfish. – Ешкім де сен сияқты сараң емес. ¨Nothing ~ trouble will come of this plan. – Мына жоспар тек пәлеге қалдырады. 2. (idm) *~ for smb/smth ['bʌt fә] біреу/бірдеңе болмағанда ¨But for the rain we would have had a nice holiday. – Жауын болмағанда, демалысымыз тамаша болар еді. ¨But for the safety-belt I wouldn’t be alive today. – Сақтық белдігі болмағанда, бұ күндері тірі жүрмес едім. D.pron (болымсыз сөздерден кейін) (көне қолд я кітаби) ¨There is no man ~ feels pity for starving children. – Ашығып жатқан балаларға жаны ашымайтын адам жоқ. ¨There is not one of us ~ wishes to help you. – Бұл жерде саған көмектескісі келмейтін адам жоқ.
but 2 [bʌt] n (Scot) 1. ауызғы, сыртқы бөлме (үйдің, пәтердің) 2. екі бөлмелі үйдің кухнясы