buy

buy [bai] A.v (pt, pp bought [bɔ:t]) 1. ~ smth (for smth) сатып алу ¨Where did you ~ that coat? – Андағы киімді қайдан (сатып) алдың? ¨Money can’t ~ happiness. – Ақшаға бақыт келмейді. ¨A pound today ~s much less than it did a year ago. – Қaзір фунтқа бір жыл бұрынғыдан гөрі аз зат келеді. ¨His fame was bought at the expense of health and happiness. – Ол атағы үшін денсаулығы мен бақытын сарп етті. ¨The victory was dearly bought. – Жеңіс қымбатқа түсті. 2. (ауызекі) дұрыс деп қабылдау, сену, алу ¨No one will ~ that excuse. – Ондай сылтауға (ақталуға) ешкім де құлақ аспайды (иланбайды). 3. пара беру, сатып алу ¨He can’t be bought. – Ол ақшаға сатылмайды. 4. (idm) *to ~ a pig in a poke бірн-ні көрмей я тексермей сатып алу (сөзбе-сөз: қаптағы шошқаны қарамастан ала салу) *to ~ time уақыт ұту/созу ¨The union leaders are trying to ~ time by prolonging the negotiations. – Кәсіподақ жетекшілері келіссөздерді ұзартып уақыт ұтуға тырысуда. 5. (phr v) *to ~ smth in (a) көптеп сатып алу ¨to ~ in coal for the winter – қысқа көп қып көмір алу  (b) (аукционда өтпеген өз затын) кері сатып алу *to ~ into (a) (бизнестің, компанияның) бір бөлігін (яғни, акцияларын) сатып алу ¨Clegg used the money to ~ into a printing business. – Клег ақшаны баспа кәсіпорнының бір бөлігін (акцияларын) сатып алуға жұмсады. (b) (ауызекі) белгілі бір пікірге, ойға сену *to ~ smb off ақша беріп көндіру, иландыру, мәмілеге келу ¨Unless he drops the charge we’ll have to ~ him off. – (Егер) ол айыптауын қоймаса, бізге оған ақша беріп көндіруге тура келеді. *to ~ smb out біреудің бизнестегі (компаниядағы) үлесін (акцияларын) толығымен сатып алу (сөйтіп бизнесті толығымен иелену) ¨Having bought out all his partners he now owns the whole company. - Әріптестерінің үлесін (акцияларын) сатып алғаннан кейін, енді ол бүткіл компанияға өзі ие. *to ~ smb over біреуге пара беру *to ~ smth up бәрін я келгенінше сатып алу ¨A New York businessman has bought up the entire company. – Нью-Йорктік бизнесмен бүткіл компанияны сатып алды. B.n сатып алынған зат; сатып алу(шылық) ¨a good ~ - жақсы (тиімді) сауда ¨Best ~s of the week are carrots and cabbages, which are plentiful and cheap. – Осы аптада жақсы өткендер – сәбіз бен капуста; олар көп әрі арзан.