by

by [bai] A.adv part 1. жақын тұста, маңайда, төңіректе, таяуда, т.с.с. ¨He stole the money when no one was ~. – Ол ақшаны ешкім маңайда жоқ кезде ұрлаған. ¨He lives close/near ~. – Ол осы маңайда тұрады. 2. маңайдан, жанынан, тұсынан, т.с.с. ¨to drive/go ~ - тұсынан (маңынан) машинамен өту, жүру ¨He hurried ~ without speaking to me. – Ол маған ләм деместен жанымнан зу етіп өте шықты. ¨Time goes ~ so quickly. – Уақыт зулайды. 3. бөлек, жеке, арнайы ¨to put smth ~ - бірнәрсені бөлек қоып қою ¨I always keep a bottle of wine ~ in case friends call around. – Мен ылғи да достар келіп қалар деп бір шөлмек шарапты сақтап қоямын. 4. (idm) *~ and ~ (көне қолд) жуықта, таяуда, әне-міне ¨They’ll be arriving ~ and ~. – Олар әне-міне (дегенше) келіп қалады. *~ the ~/bye = by the way айтпақшы, демекші, сонымен қатар *~ and large [қ-з: large] B.prep 1. (біреудің/бірн-ң) жанында, тұсында, қасында ¨a house ~ the river - өзен жанындағы үй ¨Come and sit ~ me. – Келіп қасыма отыр(шы). ¨We had a day ~ the sea. – Біз теңіздің жағасында бір күн өткіздік. 2. (жүрген жолды көрсетеді) арқылы, т.с.с. ¨He entered ~ the back door. – Ол артқы есіктен (есік арқылы) кірді. ¨We travelled to Rome ~ Milan and Florence. – Біз Римге Милан мен Флоренция арқылы сапар шектік. ¨We came ~ country roads, not by the motorway. – Біз автомагистральмен емес, ауыл арасымен келдік. 3. жанымен, жанай, қасынан, маңынан, тұсынан ¨He walked ~ me without speaking. – Ол қасымнан үн-түн деместен өтіп кетті. ¨I go ~ the church every morning on my way to work. – Таңертең жұмысқа барар кезде мен ылғи да шіркеудің қасынан өтемін. 4. (уақыт бойынша) кеш емес, бұрын, дейін, шейін ¨Can you finish the work ~ five o’clock/tomorrow? – Жұмысты сағат 5-ке қарай/ертеңге дейін бітіре аласың ба? ¨By this time next week we shall be in New York. – Келесі жетіде осы шақта біз Нью-Йоркте болатын боламыз. ¨By the time (that) this letter reaches you I will have left the country. – Бұл хат саған жеткенше мен елден кетіп қаламын. 5. (әдетте “the” артиклінсіз) (әрекеттің жай-жапсарына назар аудара) ¨to travel ~ day/night – күндіз/түнде сапар шегу ¨She sleeps ~ day and works ~ night – Ол күндіз ұйықтап, түнде жұмыс істейді. ¨The view is best seen ~ daylight/moonlight. – Көрініс күндіз/ай жарығында жақсы көрінеді. ¨Reading ~ artificial light is bad for the eyes. – Жасанды жарықта оқу көзге зиян. 6.(a) ¨a play (written) ~ Shakespeare – Шекспирдің пьесасы (Шекспир жазған пьеса) ¨a church designed ~ Wren – Рен жобалаған шіркеу ¨He was arrested ~ the police. – Оны полиция тұтқынға алды. ¨He was shot ~ a terrorist. – Оны террорист атып кетті. ¨struck ~ lightning – найзағай тиген/жай түскен (b) ¨The room is heated ~ gas. – Бөлме газбен жылиды (жылытылады). ¨May I pay ~ cheque? – Чекпен төлейін бе (төлесем қалай болады)? ¨I shall contact you ~ letter/telephone? – Мен сенімен хатпен/ телефонмен хабарласамын. ¨He earns he living ~ writing. – Ол (кітап, т.с.с.) жазып күн көреді. ¨By working hard he gained rapid promotion. – Талмай жұмыс істеудің арқасында ол жұмысында тез өсті. 7. (the артиклінсіз) нәтижесінде, себепті, сондықтан, арқылы ¨to meet ~ chance – кездейсоқ кезігіп қалу ¨to achieve smth ~ skill, determination – бірн-ге шеберлікпен, өжеттікпен жету ¨to do smth ~ mistake/accident – бірнәрсені қателікпен/оқыс істеп алу 8. ¨Let me begin ~ saying … - … деп бастайын (бастауға рұхсат етіңіздер. ¨He shocked the whole company ~ resigning. – Ол отставкаға кетіп бүткіл компанияны аң-таң қалдырды. 9. (транспортты я жолды көрсетеді) ¨to travel ~ boat/bus/place – кемемен/автобуспен/ұшақпен сапар шегу ¨to travel ~ air/land/sea - әуемен/құрлықпен/теңізбен сапар шегу 10. (дене мүшесін я киімнің бөлігін көрсете) ¨to take smb ~ the hand – біреуді қолынан алу (ұстау) ¨to seize smb ~ the hair, collar – біреудің шашына, жағасына жармасу 11. (the артиклін қолдана) ¨to rent a car ~ the day/week – күндеп/апталап көлікті жалға алу ¨to sell eggs ~ the dozens – жұмыртқаны он екі талдап/талдан сату ¨to pay smb ~ the day/hours – біреуге күн сайын/сағат бойынша (яғни, істеген уақтын сағатпен, күнмен есептей) төлеу ¨to sell material ~ the meter – материалды метрлеп сату ¨to sell coal ~ the tonne – көмірді тонналап (тоннамен) сату ¨We sell ice-creams ~ the thousand in the summer. – Біз балмұздақты жазда мыңдап сатамыз. 12. ¨imrpoving day ~ day – күн сайын (күннен күнге) жетілу ¨little ~ little – аз-аздан ¨The children came in two ~ two. – Балалар ішке екі-екіден (екі-екілеп, екі-екілей) енді. 13. (a) (аумақты өлшегенде) ¨The room measures five metres ~ seven metres. – Бөлменің көлемі бес те жеті метр (яғни, 5х7). (b) (көбейткенде, бөлгенде) ¨6 (multiplied/divided) ~ 2 equals 12/3. – 6-ны 2-ге көбейткенде/ бөлгенде 12-ге/3-ке тең болады. 14. ¨The bullet missed him ~ two inches. – Оқ оған екі инч тимей кетті (оқ одан екі инчке мүлт кетті). ¨The carpet is too short ~ three feet. – Төсеніш әжептәуір – үш футқа қысқа. ¨Godard’s first film was better ~ far. – Годардтың алғашқы фильмі әлдеқайда жақсы болатын. 15. (бірдеңе) бойынша, сәйкес ¨By my watch it is two o’clock. – Менің сағатым бойынша – сағат екі. ¨Judging ~ appearances can be misleading. – Адамның түріне қарап айтуға болмайды (Адамды сыртқы келбетіне қарап бағалауға болмайды). ¨I could tell ~ the look on her face that something terrible had happened. – Оның ұсқынына қарап бір пәленің болғанын сездім. 16. сәйкес, бойынша, сай ¨to play a game ~ the rules – ойынды ережеге сәйкес ойнау ¨~ smb’s leave – біреудің рұхсатымен 17. ¨to be German ~ birth – тумысы (тегі) неміс болу ¨a solicitor ~ profession – мамандығы бойынша – адвокат ¨to do one’s duty ~ oneself - өз міндетін өзі атқару 18. (ант етіп, серт бергенде) ¨By God! – Құдай куә! (Бисмиллаһ!) ¨I swear ~ Almighty God! – Құдіреті күшті құдайдың атымен ант етемін! 19. (idm) *to have/keep smth ~ one қасынан, жанынан тастамау, тсс ¨I keep a dictionary ~ me when I’m going crosswords. – Сөзжұмбақ шешкенде мен сөздікті жанымнан тастамаймын.

by- (кейде bye-) pref (зат есім және етістіктермен қатар келеді) 1. екінші дәрежелі, қосымша (дег мағ) м: by-product, by-law 2. жанында, қасында, тұсында м: bypass, bystander